Шығыс Қазақстан облысындағы Ұлан ауданына қарасты Сағыр ауылының жанынан салмағы 8 кило тартатын алып саңырауқұлақ табылды. Ол Ұлан телеарнасының операторы Алексей Лавриктің олжасы еді.
Тау бөктеріндегі жазық далада алып саңырауқұлақтың үстінен түскен жігіт оны суретке түсіріп алып, интернеттегі парақшасына салып қойған.
Биыл Қазақстанның көптеген өңірлерінде жауын-шашын мол болып тұр. Бұл өз кезегінде жауыннан кейін шығатын «жаңбыршы» деп аталатын саңырауқұлақтың күрт көбейіп, көлемі өсе түсуіне әсер етіп жатыр. Жұрт осы жаңбыршыны азық ретінде де пайдалана біледі.
Мұрат АЙТҚОЖА