• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
06 Тамыз, 2016

Отырармын ойланып шексіздікте

493 рет
көрсетілді

Біз бүгін өз оқырмандарымызға бір топ өлеңін ұсынып отырған Шандор Лежак ‒ мажардың көрнекті ақыны, ұстаз, саясаткер, Мажар Демократиялық Форумының  негізін қалаушылардың бірі. 2006 жылдан бері Мажарстан Парламентінің спикері. Лакителек Қоры мен Халық мектебінің негізін қалаушы. 1949 жылы 30 қазанда Кишпеште (қазір Будапештің 19-ыншы ауданы) дүниеге келген. Тоғыздар әдеби сыйлығы (1982, сыйлық алпысыншы жылдардағы мажардың тоғыз ақын-жазушысының құрметіне тағайындалған), Кливленд мажарларының Аттила Йожеф Қоғамының әдеби сыйлығы (1984), флоридалық «Хеликон»  Халықаралық Мәдени Қоғамының сыйлығы (1990), Янош Пилински сыйлығы (1993), Габор Бетлен сыйлығы (2003), Сент Адалберт сыйлығы (2013) және тағы басқа әдебиет пен мәдениет, қоғамдық қызмет бойынша  мемлекеттік сыйлықтардың иегері. «Тыныш түн» (1983), «Ақ бұлттар, шәй жапырақтары»  (1988), «Достары Құтқарушыны көруге кетті» (2015) атты өлеңдер жинақтарының, сондай-ақ «Сексен шелек ауа» (1988)  атты драманың,  «Аттила, Құдай қылышы» (1993) рок-операсының,  «Саясат мектебі» (2007) атты саяси тақырыптағы жазбалардың авторы. Шандор ЛЕЖАК, мажар ақыны Анам, Мадьяр Илона Шоқты да тазартқан Құшағыңнан  үзілдім. Парақтап Ӏнжіл-жүзіңді отырам. Маңдайым- тағдырың. Қорғаным- сабырың. Сенсің мені қолдайтын, Өзіңсіз майысқақ жас талдаймын. Ұйқысыз Айға иық таядың, Жұлдызды түндерде аяғың сыздайды, Дертің мені де қинаған. Сен барда өмір бар, иланам, Анашым ‒ Мадьяр Илона.   Құс қанатында … Алысқа кеткім келеді, көшкім келеді … Сам жамырағанда aуыссам анау ақ қабырғаға ‒ Анамнан қалған майлы бояу суретке, бала шағымның жасыл бағына! Терек пен ақ талы майысқан Сол қайыңды жазды сағынам, Ағашы, адамы, арманы таза-таза, мұнтаздай … Сәнінде бар  еді мағына. Сөзіңді өріп, қосып көр әсем әуенге Шошкутқа баратын арбаның жолын, Құмды шөл, құмайтты сорын … Суретте  ортада  ─ анау әдемі қария әжемнен аумайды. Форгаш Жужанна ─ көкірегі жазған хатпен тең еді, түпсіз де терең бір дария. Алақанымен жып-жылы, бала маңдайымнан сипап өтетін Бойыма шипа жететін …   Комаромдағы ағама Рахмет, аға, дін аманмын. Қандай жақсы сұрағаның. Сілкінді жер, жыра қалды, Теңселдім тек, құламадым. Қайғырмадым, налымадым, Қатты аяз да қарымады. Түк қылмай су тасығаны, Қайраттандым, жасымадым. Басым аман, бауыр бүтін, Жақсылықтың таңын күттім,   Қақ айырылса да көк пен жерде, Ұлы той деп көппен көрген, Отбасыммен «шүкір» дедім, Төрт қабырғам бүтін дедім. Отанымыз бомбаланбай, Жерді дұшпан қанға малмай, Шаңырағымыз шайқалмасын, Кетсін алыс шайтан қашып, Арбауынан сақтанайық, Болмасын кез алмағайып. Жақсы деймін, халім жақсы, Жамандық тек алыстасын. Мәрмәр тастай денсаулығым, Жаным таза, тәнім мығым. Айна-көңілім дерсің ‒ күндіз көк төсінде көрсең жұлдыз. Хал сұрайтың аға барда, Жаман деуге шама бар ма?!   Өлеңім шаршады        ішімде … Өлеңім шаршады ішімде, Қариядай қауқарсыз төсек тартқан, Қазанның ала аспанын бағып. Қасында су құмыра, сөнген шам … Әйнекті қарағаш бұтағы тұр қағып. «Құдайым!‒ дейді сол қария ‒ қолдай гөр, Құстарға жем шашып келейін. Кешегі сорпа да жарайды бүгінге. Киімді жумасам болмайды, Естісем радио үнін де».   Өлеңім шаршады, мұқтаж жылуға, Қариядай төсекте отыр ойланып, Қиял ма, елес пе ‒ кешегі сүйген қол таза су әкеліп алдына қойғаны? Есіктің алдында ит ұзақ ұлуда …   Қара шаңырақты жаңалау (өлеңдер шоғыры)   Қарттың өсиеті Кезінде, Отбасым түгелінде, Мұң жоқ ед жүрегімде. Қарттықта жалғыз қалдым, итім де мені қорымай, бақ та қоршамай. Нашарлап өз халім, Аяғым әрең қозғалып, Таяқсыз жүру мұң болды. Жанарым солды. Үйдің де қирап шатыры, Кешегі гүлзар-бақтың шыққан бүгін  тақыры. Қыста жылыту қиын-ды, Көшемін қалаға, тастап үйімді. «Бір бөлмені саған береміз, Бағамыз-қағамыз», – дейді бала-шаға. Сатамын, қаласаң ал! Үйдің біл, бірақ, қасиетін, Бар менің өсиетім: – Шие ағашын кеспегін! Сол ағаштың астында Махабаттымды өпкемін, Ғұмырымның көктемін. Жолығам онымен таяуда ϴмірдің кешіп өткелін.   Үй бұзу, салу Шатырдың астынан Жел кеулеген Күрсініп қарадым. Қиялымда бөренелер Жеңіл қонып иығыма Ауырлап барады. Шатырды бұзып, Көтеру керек жаңасын. Қабырғасы бар және де. Тиын-тебеннен дәнеңе … Бірақ туыс көп, дос көп, Саламыз асарлап, ептеп. Шатырдан басқышпен түстім, «Ғасырдай көрінді-ау үш күн». Іске асар әлі-ақ ойымыз, Жақын қоныс тойымыз.   Қара шаңырақ  Жұтаған  сол бақта, Ескі жұрттағы саман үйде кешкен дәурен-ғұмыр көрген бір түс еді … Көне сырығы қолым тисе-ақ үгіліп түседі. Бэла көршімен Ертең бұзамыз. Ата-бабамыздың Қолының табы қалса да, болса да мұрамыз, Жонылған бөренелерін керексе,  жығамыз, Түзуін тастамай, қайта іс қыламыз. Қоямыз кейбірін оңаша, қайта салуға жараса.   Асар Ауыл шетіндегі бөренелі, ескі саман үйді жатырмыз бұзып, Шатырын тазалап,  таңбалы кірпішін сұрыптап, бүтінін бөлек тізіп. Дос-жаран «Әнші құс» деген әнге еріп, Ыстық нан, палинка дастарханға сән беріп қызған жұмыс. «Міне, береке» , – дейді қисық шегені түзетіп кәрі әке.   Қиялдағы ертең Отырармын бір күн үй алдында өткенді еске алып, Кәрі шие ағашы бүршік жарып.   Көктем лебі есіп: көк аспан, күн нұры … Жеміс бағына тоналған Қарармын Қоюлап көңілдің мұңы.   Өткен күн суреті: Дева қамалы, тастар, Әкем қабіріндегі ‒ раушан және қара шаңырақ көк шөп басқан.   Отырармын ойланып шексіздікте өткеннен қалған үйде естеліктерді талғап өткізіп көз алдымнан, бүгінгіммен жалғап.   Уақыт-сағым шақырып, Қарт әжеміздің тамшы көз жасы сол сәт бала-немерелердің жүздерін жасырып алып ішіне домалап түсер ақырын.   Қара шаңырақта қалған мирас Атамнан қалғаны ‒ қылышы құдіретті және көзәйнегі кітап оқитын. Әжемнен қалғаны ‒ тәспиық, Анамнан ‒  Ӏнжіл суретті. Әкемнің хаттарын  ақтардым: Арасында пірәдар-шәкірт Иштван  Касаптың суреті, ұтпаған 31-інші апта  лотереясы жүр екен сақтаулы. Халық қалаулысының қабылдау сағаты Көмектесесіз ғой маған, иә?‒ деп жалбарына қарайды. Әр сөзін жүрегіме қадаймын.   Тағдырын маған тапсырып тұрғанын түсінем жаныммен, жүрегімдегі соққан дабылмен.   Жалғызбын, жетем бе мың кісіге?! Көп болсам етті, шіркін, Шіркеудегі сан мүсіндей. Өлеңдерді мажар тілінен аударған Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты, ақын Раушангүл ЗАҚАНҚЫЗЫ