• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Тамыз, 2016

Білім кредиті – балама мүмкіндік

386 рет
көрсетілді

Ағымдағы жылы білім грантына ие бола алмаған талапкерлер оқудың ақысын төлеуде қаржы жағынан қиналған жағдайда Білім беру кредиттерін кепілдендірудің мемлекеттік бағдарламасына жүгініп, жылдық 10%-дан басталатын пайыздық мөлшерлемемен 12 жылға дейінгі мерзімге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Қаржы орталығы» АҚ-тың (бұдан әрі – Қаржы орталығы) кепілдігімен несие ресімдей алады. Қаржы орталығының кепіл­дігімен ұсынылатын білім беру кредиттері талапкерлерге де, Қазақстанның бүкіл ЖОО-лары мен колледждерінің барлық оқу үлгі­сіндегі студенттеріне де беріледі. Қазіргі таңда білім беру кре­диттері Қаржы орталығымен серіктес банктерде әртүрлі шарттармен ұсынылады. Бағдарламаның қолданылу ауқымы кең, серіктес банктер республиканың барлық аймақтарында жұмыс жасайды. Кредиттің берілу тетігі бірдей: қарыз алушы банкке барып кеңес алады, ресімдеуге қажетті құжаттарды жинап, оларды банкке тапсырады. Білім беру кредиті қажеттілігіне қарай әр семестр немесе жыл сайын оқу орнының есепшотына аударылады. Алайда, Қаржы орталығының кепілдігімен білім беру кредитін алу үшін бір немесе екі қосалқы қарыз алушының болуы талап етіледі. Бұл жерде қосалқы қарыз алушының төлеуге қабілеттілігі, яғни негізгі жұмыс орны бойынша алатын табысы ескеріледі. Кредиттің сомасына шектеу қойылмайды, бастысы – барлық оқу кезеңі үшін оқу құнынан аспаса болғаны. Ерекше атап өтерлігі, бұл бағдар­ламада жеңілдік кезеңі беріледі, яғни оқу кезеңі мен оқуды бітіргеннен кейін кредитті төлеу мерзімі 6 айға кейінге шегеріледі. Кредитті кез келген уақытта мерзімінен бұрын өтеуге болады, ол үшін айыппұл санкциялары қолданылмайды. Білім беру кредиттерін кепіл­ден­ді­ру­дің мемлекеттік бағдарламасы осын­дай балама мүмкіндік бере отырып, соның арқасында студент өз кү­ші­мен өз болашағын жоспарлай алады. «Егемен-ақпарат»