• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
06 Тамыз, 2016

Сегіз шенеунік пара алған

214 рет
көрсетілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросының облыстық департаменті биыл 8 мемлекеттік қызметкердің парамен ұсталғаны жөнінде ақпарат таратты. Олардың арасында облыстық карантинді зертхана басшысы Таласбаев, мемлекеттік инспекция комитеті Петропавл аумақтық инспекциясының жетекшісі Сәдуақасов, өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік инспектор Усатенко бар. Сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдіктілер фитосанитарлық қорытынды бергені және голланд гүлдері мен тез бұзылатын ауыл шаруашылығы өнімдерін импортқа шығару, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қолдау көрсеткендері үшін серіктестіктің директорынан үлкен көлемде пара алған. Енді олардың кінәлары дәлелденсе, 6 жылдан 12 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ, өмір бойы мемлекеттік қызметтен шеттетіледі. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан» Солтүстік Қазақстан облысы