• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Тамыз, 2016

Суға да, қарға да қона береді

371 рет
көрсетілді

Бүгінде еліміздің бірқатар қалала­рында канадалық компания «Twin Otter Series 400» әуе лайнерінің таныс­тырылымын өткізгені бел­гілі болып отыр. Орал әуе­­жайында осындай рәсім­ге қатысуымыздың сәті түсті. Бұдан ұққан-түй­ге­німіз – шағын әуе ұшағы Қазақ­станның кли­мат­тық ерекшелігіне өте қо­лай­лы екендігі. Бұл 19 адамға лайықталған. Жолаушы­ларды тасымалдап қана қой­май, құтқару операцияларын жүргізуге және санавиацияға аса ыңғайлы. Тағы бір ерек­шелігі ұшу-қону жолағын қажетсінбейтін көрінеді. Канадалық «Viking Air» ком­панияcы маркетинг бө­лімінің директоры Дэвид Хиздің айтуынша, аталған ұшақ түрінің асфальт тө­селмеген қара жерге, тіпті, қар мен су үстіне де қона беру мүмкіндігі бар екен. Бұл үшін арнайы құрылғылар орнатылыпты. Оның жоғары және төмен температураларға шыдамдылығы да өз алдына бір бөлек әңгіме дерліктей. Бүгінде канадалық компания шығарған 900-ге тарта ұшақ түрлері әлемнің 57 елінде қолданысқа енгізіліпті. Өзінің көлемі жағынан әлемдегі мемлекеттер арасында алғашқы ондыққа кіретін Қазақстанның ұлан-байтақ аумағы жағдайында, тіпті, бір облыстың ішіндегі аудандар бір-бірінен 500-600 шақырым қашықтықта екенін ескерсек, бұл өте қолайлы әуе көлігі екені бірден байқалады. Оны пайдаланған кезде арнайы ұшу-қону жолақтарын салу­дың қажеттілігі жоқ екені де тиімді болмақ. Өйткені, жоғарыда айтылғандай, «Twin Otter Series 400» еш­қандай қонатын жер тал­ғамайды. Ендеше, мұны неге шалғай ауылдардағы тұр­ғындардың игілігіне пайда­ланбасқа? Осы арада «Twin Otter Series 400» ұшағының бағасы 7 миллион АҚШ долларын құрайтынын да айта кеткен жөн. Әрине, мұндай жоғары бағаны екінің бірінің мүм­кіндігі көтере бермейтіні тағы да аян. Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан» ОРАЛ