• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
06 Тамыз, 2016

Олимпиада құрметіне сағат шығарды

546 рет
көрсетілді

Швейцариялық Omega компаниясы Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойын­дарының ашылу сал­танатына орай, Seamaster Diver 300M «Rio 2016» деп ата­латын жаңа сағатты көпшілікке ұсынды. Сағаттың циферблатында Риодағы атақты Копа­ка­бана жағажайының құм­дарын еске салатын сурет өр­нектелген. Олимпиаданың ресми лого­типіндегі 5 шығыр­шық­пен бірдей 5 түрлі түс те көрініс тапқан. Артқы қақпа­ғында «Рио-2016» логотипі бейнеленіп, ішкі элементтеріне қола, күміс және алтын пайда­ланылған. – Біздің сағатпен суға қорық­пай түсе беруге болады. 300 метр тереңдікке дейін су өт­кіз­бейтініне кепілдік бере­міз, – дейді компания өкілі. Оның айтуынша, сағаттың сырт­қы бөліктерінің барлығы тот бас­пайтын болаттан жасалыпты. Omega компаниясы «Рио-2016» Олимпиадасының ресми хронометрисі екенін айта кету керек. Компания бұған де­йін бір­неше жазғы және қысқы Олим­пиада ойындарында осын­­дай жауапты міндет ат­қар­ған. Нұртөре САМАРХАН