• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
09 Тамыз, 2016

Рио-2016: Боксшы Василий Левит - ширек финалда

287 рет
көрсетілді

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиялық ойындардағы бокс турнирінің 1/8 финалында 91 кг салмақ дәрежесіндегі қазақстандық Василий Левит қытайлық Фенгкай Юмен кездесіп, 2-раундта айқын басымдықпен жеңіске жетті. Ұрыс Василийдің айқын басымдылығымен өтті. Оның қатты соққылары қарсыласын қайта-қайта теңселтумен болды. Екінші раундта қытайлық спортшы нокдаунға да түсіп қалды. Ал қапталдағы төрешілер сол кезде есепті 20:17 есебімен қазақстандықтың пайдасына шешіп тұрды. Оның қатты басым екенін байқаған қарсылас жақтың жаттықтырушылар штабы ақыры ортаға ақ сүлгі тастады. Енді Василий Левит келесі жұптағы Чоуаиб Боулоудинат (Алжир) – Кеннеди Ст Пиерре екеуінің қай жеңгенімен ширек финалда шайқасады. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ