[caption id="attachment_55148" align="aligncenter" width="560"] Фото: alau.kz[/caption]
inform.kz-тің хабарлауынша, Қазақстанның батысында және шығысында атмосфералық ағындардың өтуімен найзағай ойнап, жаңбырлы ауа райы сақталады. Ал еліміздің қалған өңірлерінде күн райы ашық болады. Солтүстікте кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі. Шығыста күндіз бұршақ жаууы ықтимал.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Батыс Қазақстан, Павлодар, Атырау облыстарының кейбір жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Жамбыл облысында желдің күші 15-20 м/с-қа жетіп, шаңды дауыл көтеріледі. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі.
Күндіз Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, облыстарында, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық сақталады. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі жоғары болады.
Талғат РАЙЫМБЕК