• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
09 Тамыз, 2016

Қаржы уақытылы игерілуі тиіс

368 рет
көрсетілді

Премьер-Министрдің орынбасары Дариға Назарбаева «Нұрлы Жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізіп, білім беру салаларының құрылысына бағытталған қаржылай қаражатты уақытылы игеру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды. Ағымдағы жылы Ұлттық қор қаражаты есебінен білім беру нысандарының құры­лысына 57 млрд. теңге бөлінді, ол қаржыға бүгінде 96 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның ішінде 51,2 млрд. теңгеге 77 мектеп, сондай-ақ, 6,7 млрд. теңгеге 19 балабақша құрылысы жүргізілуде. Кеңес барысында Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асы­лова 1 тамыздағы жағдай бой­ын­ша жергілікті атқарушы орган­дарға 26,9 млрд. теңге, яғни жылдық жоспардың 46%-ы ау­дарылғанын мәлімдеді. Вице-ми­нистр 21 білім беру нысаны, оның ішін­де 13 мектеп (Қызылорда облы­сында – 2, ОҚО-да – 7, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау, Сол­түстік Қазақстан облыстарында – 1 мектептен), сондай-ақ, 8 балабақша (Алматы облысында – 2, Қарағанды, Маңғыстау облыс­тарында, СҚО-да, ОҚО-да, Алма­ты қаласында – 1 нысаннан) пайда­лануға берілгенін жеткізді. Оған қоса, ол мердігерлердің сотқа жүгінуі, талқылауы, мерді­гердің құрылыс-мон­таж жұмыстары кестесінен кейін қалуы, мемлекеттік сатып алулардың аяқталмаған рәсімдері және келісімшартты кеш жасау қаражаттың игерілмеуінің негізгі себептері болып табылатынын айтты. Өз кезегінде Премьер-Министр­дің орын­басары Д.Назарбаева об­лыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдік­теріне білім беру нысандарын пайдалану­ға беру мерзімдерін кешіктірген мердігерлермен жүйелі жұмыстар жүргізуді тапсырды. «Қаржылай қаражатты уақытылы игеру бойынша шараларды қабылдау, сондай-ақ, бақылауды күшейту және тиісті ведомство тарапынан нысандар құрылысының барысына мониторинг жүргізу тетігін жасау қажет», деп атап көрсетті Д.Назарбаева. «Егемен-ақпарат»