Қытайдың Хунань провинциясында шыныдан жасалған көпір ашылды. Тяньмэнь тауын айналып өтетін көпірдің биіктігі 1 500 метр шамасында. Жүрек жұтқан жүргіншілер осынша биіктікте енді 100 метр жерді әйнектің бетімен жүріп өтуге тиіс.
Көпірдің едені 3 қабатты әйнектен жасалған. Ол 2 тоннаға жуық салмаққа төтеп береді, +60 температурада, жылдамдығы 220 шақырым сағат соғатын желдің кезінде де қасиетін жоғалтпайды.
Құрылыс салушы компанияның айтуынша, шыны көпірді жуып-тазалайтын адамдарды табу оңай емес екен. Сол үшін туристерге аяқ киімінің сыртынан бахил киюге тура келеді. Оларға ешқандай сақтандыру белдігі берілмейді. Арнайы дайындалған мамандар ғана туристерге кез келген уақытта көпірден өтуге жәрдемдесіп, моральдық көмек беруге әзір.
Бұл Қытайдағы әйнектен жасалған үшінші көпір екенін айта кету керек. Бұл жолғысы осылардың ішіндегі ең биігі әрі ұзыны екен.
Нұрхан АСҚАР