• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
09 Тамыз, 2016

350 килограмм

266 рет
көрсетілді

әйелді ауруханаға төтенше жағдай құтқарушылары жеткізді Қостанайлық Галина Во­робьева артық салмақтан осын­шалықты азап шегемін деп ой­ламаған еді. Оның салмағы қазір 350 килограмнан асады. Аса ауыр салмақтың салдарынан ол орнынан қозғала алмай қалған болатын. Семіздік Галинада бала кезінен байқалған. Бірақ ата-анасы оның ағзадағы зат ал­масудың бұзылуынан болатынына аса мән бермесе керек. Ол осыдан бес жыл бұрын сүрініп құлап, аяғын ауыртып алады да, жүре алмай отырып қалады. Қи­мылсыз отырғаннан май басу үдерісі дес бермей кетеді, ол тіпті орнынан қозғала алмай, әл­сірей бастаған. Ауру әйелді қалалық ауруханаға жеткізу де оңай болмайды. Төтенше жағдайлар комитетінің Солтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел-құтқару жасағының құтқарушылары оны брезент матаға жатқызып, 8 жігіт арнайы машинаға зорға көтеріп салады. Қазір Галина Воробьева дә­рігер­лердің қатаң бақылауында. Айтпақшы, Галинаны аста­налық дәрігерлер Қостанайға келіп емдейді, оны Астанаға жет­кі­зуге төтенше жағдайлар құтқару­шылары да ойланады... Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА «Егемен Қазақстан» ҚОСТАНАЙ