• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
09 Тамыз, 2016

«Алтын Жүрек» сыйлығы беріледі

681 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_55260" align="aligncenter" width="560"] Almaty-akshamy.kz[/caption] Қайырымдылық жасауды, қиналғанға қолұшын созуды, көмекке мұқтаж жандарға демеу болуды өзіне парыз санайтын жандар аз емес. «Бауыржан» қайырымдылық қоры осы мақсатта 10 жыл қатарынан Ұлттық қоғамдық «Алтын Жүрек» сыйлығын тағайындап келеді. Бұл сыйлықты алуға қоғамның әлеуметтік жәрдемге мұқтаж жандарына көмек көрсетуді өздерінің борышы санайтын мекемелердің, ұйымдар мен жеке тұлғалардың мүмкіндігі бар.  Ондағы мақсат – жомарт жандардың еңбегін бағалау, халық атынан алғыс айту. Аталған қайырымдылық шарасы биыл да өзінің дәстүрлі жалғасын тапты. Бұл жолғы жеңімпаздар «Жетім балаларға көрсеткен қамқорлығы үшін», «Білімді дамытуға қосқан үлесі үшін», «Мүгедек жандарға көрсеткен қамқорлығы үшін», «Спортты дамытып, оны қолдағаны үшін», «Ардагерлерге көрсеткен құрметі үшін», «Жыл меценаты», «Ақпараттық қолдаушы», «Жылдың қайырымды адамы», «Жыл ұйымы», «Денсаулық сақтау саласына қолдау көрсеткені үшін», «Қазақстанның өркендеуіне қосқан үлесі үшін» секілді бірнеше номинация бойынша анықталады. Ұлттық қоғамдық «Алтын Жүрек» сыйлығына қатысуға ниетті азаматтар өтініш үлгісін www.altynzhurek.kz, www.baurzhan.kz сайтынан, сондай-ақ, gulzat.sakhova@baurzhan.kz, info@altynzhurek.kz электронды пошталарына хат жазу арқылы алуға болады. Құжаттарды 1 данамен 050057, Алматы қаласы, Тимирязев к, 71 үй, 3 кеңсе мекенжайына жіберуге болады. Өтініштер және қосымшалар – 3 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында, сағат 15.00-ге дейін қабылданады. Құжат тапсырушылар толық ақпаратты 8(727) 315-15-11, 274-57-49, 8 707 437 16 01 телефондарына хабарласу арқылы біле алады. «Алтын Жүрек» сыйлығының жеңімпаздары 2016 жылғы 27 қазан күні Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өтетін салтанатты кеште анықталады. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ