• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
09 Тамыз, 2016

Хоккей. Астанада Президент кубогы сайысы басталды

340 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_55274" align="aligncenter" width="560"] hcbarys.kz[/caption] Астанада хоккейден Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы үшін халықаралық турнир басталды. Оның алғашқы матчтында «Барыс» пен биыл Құрлықтық хоккей лигасына қосылған Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» клубымен кездесті. Кездесуде қонақтарға 0:5 есебімен техникалық жеңіліс жазылды. Олар  алаң иелерінің ойыншылары Дамир Рыспаевпен және Мадияр Ыбрайбековпен төбелестен кейін әрі қарай ойнаудан бас тартты. Матчтағы төбелес туралы «Барыстың» бас жаттықтырушысы Андрей Назаров: «Матч өте тартысты болды. Жанкүйерлердің үш кезеңді көре алмағаны, әрине, өкінішті. Қытайдың командасымен алғашқы ойында Дастин Бойд аяғын сындырып, қатты жарағаттанды. Трибунада Дастин Бойдқа қолдау көрсеткен плакаттарды көрдік. Жігіттер де соны байқап, сезімге беріліп кетті. Бұл енді хоккей. Мұндай жағдайлар болып тұрады», – деді ол. Ал матчта «Барыстың» ойыншылары бірінші кездесуде ерекше дөрекілікпен көзге түскен қытайлықтардан Дастин Бойд үшін есе қайтарғанға ұқсайды. Қазір осы жеңістен кейін «Барыс» турнир кестесінде  3 ұпаймен көш бастады. Екінші орында Новокузнецкінің «Металлург» командасы 2 ұпаймен келеді. Үшінші орынға Владивостоктың 1 ұпаймен «Адмирал» клубы жайғасты. Ал Қытайдың «Куньлунь Ред Стар» жасағында әзірге ұпай жоқ. Бүгін «Адмирал» «Куньлунь Ред Стар» клубын 4:0 есебімен ұтты. Енді кешке «Барыс» пен «Металлург» командалары кездеседі. Дастан КЕНЖАЛИН