• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
09 Тамыз, 2016

Петербургте Путин мен Ердоғанның кездесуі өтіп жатыр

228 рет
көрсетілді

Бүгін Санкт-Петербург қаласында Ресей президенті Владимир Путин мен Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоғанның арасындағы келіссөз басталды. Ол екі ел лидерлерінің Стрельнядағы Константин сарайының грек қонақ бөлмесінде бір-бірлеріне қол берулерінен арна тартты. Екі мемлекеттің басшылары Ресейдің Су-24 бомбардировщигі Сирия аспанында түріктер тарапынан атып түсірілуіне байланысты туындаған 8 айлық салқын қабақ қарым-қатынасынан кейін осы жолы бірінші рет қайта кездесіп отыр. Залға бірінші болып Путин кірді, содан кейін араға екі минут салып, Ердоған келді. Лидерлер журналистердің алғауында бір-бірлерінің қолдарын алып, жарқын жүзбен сәлемдесті. Шағын үстелдің екі жағына орналасқан орындықтарға отырған Путин мен Ердоған сосын алда өткелі тұрған келіссөздер тақырыбы турасында қысқаша мәлімдемелер жасады. Олардың осыдан кейінгі кездесулері баспасөз құралы өкілдерінің қатысуынсыз өрбіді. Мұрат АЙТҚОЖА