• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
09 Тамыз, 2016

Әскерилер Армия ойындары байқауында үздік атанды

334 рет
көрсетілді

Отардағы «Мерген шебі» байқауының үш кезеңінің қорытындысы бойынша қазақстандық команда үздік нәтиже көрсетіп, бірінші орынды жеңіп алды. Ресейдің әскери қызметшілері екінші орынды иеленсе, үшінші орын Беларусь атқыштарына бұйырды. Үшінші кезеңде қазақстандық мергендер командасы мәреге 18 минут 18 секундта жетті. Қытайдың командасы эстафетаны 18 минут 58 секундта аяқтады. Одан басқа, Отарда «Артиллериялық оқ ату шеберлері» халықаралық байқауының үш кезеңінің қорытындысы шығарылды. Қазақстанның артиллерияшылар командасы «Артиллериялық оқ ату шеберлері» байқауында да жеңімпаз атанды. Дастан КЕНЖАЛИН Фото: Қорғаныс министрлігі