• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
09 Тамыз, 2016

Алматыда «Яндекс.Такси» қызметі іске қосылды

405 рет
көрсетілді

Шетелдіктерде ертеден қалыптасқан такси қызметінің бұл түрі Қазақстанға да жетті. Алматыда «Яндекс.Такси» қызметі өз жұмысын бастады. Ол диспетчерге қоңырау шалмай-ақ, бос көлікті жылдам табуға мүмкіндік береді. Мобильді қосымшадан, болмаса «taxi.yandex.kz» cайтынан сервиске қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тапсырыс беруге болады. «Яндекс.Таксиді» іске қосу «Алматы Дамыту Орталығы» АҚ құрылымдық бөлімшесінің қолдауымен жүзеге асырылып отыр. Сервиске Алматының 9 таксопаркінен 150 автокөлік қосылған. Бұл жүйе шұғыл тапсырыстарды клиентке жақын орналасқан көліктерге жеткізуімен ерекше. Таксидің келу уақыты 5-10 минут аралығы, ал көліктің қай жерде келе жатқанын карта арқылы қадағалап отыруға болады. Сонымен қатар, тапсырыс берушіге сервис жүргізушінің телефоны мен көлік нөмірін смс хабарлма арқылы жолдап отырады. Айман МҰҚЫШЕВА