• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
09 Тамыз, 2016

Боксшы Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы анықталды

254 рет
көрсетілді

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиялық ойындардың бокс турнирінде бірінші 1/16 финалдық шайқасын британиялық Энтони Фоулермен өткізіп, 3:0 есебімен жеңіске жеткен 75 кг салмақтағы жерлесіміз Жәнібек Әлімханұлының келесі айналымдағы қарсыласы анықталды. Жәнібек 1/8 финалда осының алдында конголық Мип Нгамиссенгуені 3:0 етіп тізе бүктірген алжирлік Ильяс Аббадимен қолғап түйістіретін болды. Ал бұл жұптан жеңіп шыққан боксшы 1/4 финалда ресейлік Артем Чеботарев пен әзербайжан Камран Шахсуварлы жекпе-жегінің жеңімпазымен жұдырықтасады. Айта кетейік, әзербайжан боксшысы бұдан бірнеше жыл бұрын Ақтөбеде тұрып, үш рет Қазақстан чемпионатына қатысқан. Ол екі рет біздің еліміздің қола жүлдегері атанған. Дастан КЕНЖАЛИН Фото: facebook