• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
10 Тамыз, 2016

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

375 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуімен жауынды болады. Күн күркіреп, найзағай ойнайды. Тек республиканың орталығы мен оңтүстігінде ғана күн райы ашық болады. Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі. Күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кейбір жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында, күндіз Атырау мен Қостанай облысының кей бөлігінде аптап ыстық сақталады. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында өрт қаупі өте жоғары болады. Талғат РАЙЫМБЕК