• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
10 Тамыз, 2016

Білім нарығындағы өзара бәсеке

391 рет
көрсетілді

Қазақстанның жоғары білім саласындағы жаңа басымдықтардың байқалуымен өршіл университеттер өз аккредиттеулері есебінен ерекшеленуге тырысып, өзара бәсекеге түсе бастады. Көптеген университеттер жергілікті аккредиттеулерге ие. Бірақ өздерінің беделді халықаралық аккредиттеулерімен мақтана алатын университтер саны өте аз. Бірінші кезекте, бұл шетелдік аккредиттеу агенттіктері өтінім берген ЖОО қоятын қатаң талаптармен, жергілікті стандарттардан елеулі ерекшеленуімен, аудит кезінде келтірілетін шығындармен және халықаралық аудиттен сәтті өту үшін қажетті ұйымдастырушылық мақсаттармен және өзгерістермен байланысты. Осылайша, халықаралық ак­кре­диттеулер қазақстандық уни­вер­­ситеттердің шағын дегдарлы қатарын айқындайды. Біз UIB Универ­ситетінің 11 халықаралық аккре­диттеу алғандығын жақсы білеміз. Ол 6 бакалавриаттың және 5 магистратураның аккредиттелген бағдарламалары. 2012-2016 жылдары Австрия сапаны қамтамасыз ету агенттігі (AQ Austria) біздің ұсынысты тексеріп, UIB университетінің халық­аралық деңгейде білім беретіндігін растады. Аккредиттелген университеттер PR-науқандар жүргізу үрді­сінде жеке жетістіктерін пайдаланады. Өкінішке қарай, осындай көптеген қадам бола­шақ студенттерді, олардың ата-аналарын, билік өкілдерін және бизнес-шеңберлерді шатыстырады. Демек, сіз болашақ оқу орнын таңдаған кезде не нәрсеге назар аударуыңыз керек? Біріншіден, халықаралық аккре­диттеудің басымдыққа ие екен­дігі айқын. Сондықтан оларға ие университеттерді іздеу керек. Қабылдау комиссиясынан шетелдік аккредиттеулердің сертификаттарын көрсетуді сұраңыз, себебі, кейбір ЖОО жарамсыз болған бұрынғы жетістіктерімен мақтануы мүмкін. Есте сақтаңыз, шетелдік аккредиттеулер өте аз және олар бір-бірінен ерек­шеленеді, оларды алу үшін орасан күш және еңбек қажет. Сонымен қатар, көптеген өтінім берген ЖОО әртүрлі кезеңдерде осы шарада сүрінеді. Екіншіден, Батыс Еуропаның, Сол­түстік Американың, Оңтүстік-Шығыс Азияның бі­лім беру саласында танылған және беделді халықаралық көш­басшыларынан аккредиттеуден өткен университеттерді іздеген жөн. Бұл аймақтар өз шекаралары шектерінде экономикалық көшбасшылыққа қол жеткізген австриялық немесе неміс аккре­диттеулері автоматты түрде сенім­ге ие болады. Үшіншіден, ескеретін жайт, Білім министрлігінде ресми бекі­тілген шет­елдік аккредиттеуші мекемелер тізімі бар. Нәтижесінде, Австриядан AQ Austria, Герма­ниядан FIBAA, ACQUIN, ASIIN және басқа мекемелерден аккредиттеу алған университеттер министрлік ұсыныстарын ұстанып, талпыныстар жасауда. Төртіншіден, «институттық» және «бағдарламалық» аккредиттеулер арасындағы айыр­­машылықты түсіну керек және сіз әлеуетті универси­тетке оның жетістіктері туралы сұрақтар қоюыңыз керек. Инс­титуттық аккредиттеу – бұл білім беру бағдар­ламаларының біршама іріктелген тек­серісін қамтиды. Ол құрылымға, ішкі үрдістерге, құжаттамаларға, ше­шім­дердің қабылдануына, жос­парлауға және кадрлық саясатты қолдау бойынша есептердің жүзеге асырылуына жалпы уни­вер­ситеттік тексеріс делінеді. Осындай шараларда шетелдік ұйым белгілі бір дәрежемен байланысты барлық жайт­тарды өте терең қарастырады. Оған бағдарлама құрылымы, субъек­тілер және оқу жоспарлары (мазмұны), студенттерді баға­лау және қойылатын талаптар, профессорлық-оқытушылар құ­рамының және қызметкерлердің сапасы, бағдарламаның зама­науилығы, өнеркәсіппен байланыс орнату және түлектер сапасы – жалпы алғанда, белгілі бір дәреже шектерінде алынған білім сапасы кіреді. Сіздің купеде оғаш және жа­ғымсыз иіс болса, жаңа пойыз мақтауға, әрине, ие болмасы анық. Аккредиттеуге қа­тысты тәсілдеме туралы осы тұрғыда да сөз қозғауға болады. Университеттер бірінші кезекте студенттер сапалы білім мен машық алуы үшін жалпы сапа мәселесін жақсартуы тиіс. Тек осы­дан кейін өздерін ұйым ретінде аккре­диттеулері керек. Жоғары білім алу үшін жақсы орын іздеу кезінде аккредиттеуші бағ­дарламалардың халықаралық дең­гейіне назар аудару қажет. Ал инсти­туттық аккредит­теулер сапаны растаудағы екін­ші кезең болуы керек (егер олар болса). Кейін, бағаларды қарас­тырыңыз, себебі, кейбір мекеме «халықаралық» аккредиттеулерге байланысты бағаны жоғарылатады. Сіз қабылдау комиссиясында болған кезде, әрқашан аккредиттеу туралы куәлік көшірмесін көрсетуді сұраңыз. UIB Университеті өзінің аккредиттеу үрдісін 2012 жылы бастап 4 аккредиттеу алды. 2016 жылы UIB тағы 7 аккредиттеуге (4 бакалавриат деңгейінде және 3 магистратура деңгейінде) қол жеткізді. Енді, білім беру бағдарламалары деңгейінде біз үш тілдік білім сапасына сенімді болып отырмыз. Сонымен қатар, австриялық ұжымдардың институционалдық тексе­рістерінен өтіп, халықаралық инсти­туттық аккредиттеуге дайындалудамыз. Марцин ДУШИНСКИ, UIB Университетінің  вице-президенті