• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
10 Тамыз, 2016

 Сайыс жеңімпаздарын марапаттады

463 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстанның «Гвардейск» полигонында «Артиллериялық оқ ату шеберлері» мен «Мерген шебі» байқауларының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Қазақстан жерінде алғаш рет өткен Армия халықаралық ойындары халықаралық турнирлерінің жеңімпаздарын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов құттықтады. Қазақстанның әскери қызметшілері екі байқаудың абсолюттік жеңімпаздары атанды. «Артиллериялық оқ ату шеберлері» байқауында Ресей командасы екінші орынға жайғасты, Қытай командасы үшінші орынды, олардың соңынан ілескен Қырғызстан және Венесуэла командалары болды. Бұл ретте «Үздік мина атқыш командирі» ретінде ҚХР-дың сержанты Чжай Чжитао марапатталса, Ресейдің аға матросы Ильдар Файзуллин «Үздік көздеуші» болып танылды, ал Қазақстанның сержанты Жанатаев Төлепбек «Үздік механик-жүргізуші» деген аталымға ие болды. «Мерген шебі» байқауында сәйкесінше Ресей және Беларусь екінші және үшінші орындарды еншіледі. Жеке есепте Беларусьтен келген прапорщик Вадим Ребковец үздік мерген, ал үздік мерген жұбы Ресейден келген аға сержант Андрей Мячин мен сержант Павел Петравичюс болды. «Егемен-ақпарат»