Германияның полиция қызметкерлері «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобы жетекшілерінің бірін қолға түсірді, деп хабарлады lenta.ru.
Рейнланд-Пфальц федералды жерінің билігі ұсталған адамның Германия аумағында содырларға жауапты екенін мәлімдеді. Жергілікті жол полициясы қызметкерлері оны құжат тексеру кезінде қолға түсірген.
Тергеушілердің айтуынша, радикалдар өз шабуылдарын футболдан бундеслига чемпионаты басталған кезде ұйымдастыруды жоспарлаған болуы мүмкін.
Еске сала кетейік, шілде айында экстремистер Германия аумағында бірнеше рет лаңкестік әрекет жасаған. 19 шілде күні балтамен қаруланған радикал Баварияда пойыз жолаушыларына шабуылдады, ал содан алты күн өткен соң Ансбах қаласында бомба жарылған.
Айдар ӨРІСБАЕВ