Жүлделер жиынтығы
(10 тамыздағы мәлімет бойынша)
№ Құрамалар Алтын Күміс Қола Барлығы 1 АҚШ 9 8 9 26 2 Қытай 8 3 6 17 3 Венгрия 4 1 1 6 4 Австралия 4 0 5 9 5 Ресей 3 6 3 12 6 Италия 3 4 2 9 7 Корея 3 2 1 6 8 Жапония 3 1 10 14 9 Франция 2 3 1 6 10 Таиланд 2 1 1 4 11 Ұлыбритания 1 3 2 6 12 Германия 1 2 0 3 12 Швеция 1 2 0 3 14 Бразилия 1 1 0 2 15 Қытай Тайпейі 1 0 2 3 16 Бельгия 1 0 1 2 16 Грекия 1 0 1 2 16 Нидерланд 1 0 1 2 19 Аргентина 1 0 0 1 19 Колумбия 1 0 0 1 19 Хорватия 1 0 0 1 19 Косово 1 0 0 1 19 Словения 1 0 0 1 19 Вьетнам 1 0 0 1 25 Индонезия 0 2 0 2 25 Жаңа Зеландия 0 2 0 2 25 КХДР 0 2 0 2 25 Оңтүстік Африка 0 2 0 2 29 Канада 0 1 4 5 30 Қазақстан 0 1 3 4 31 Украина 0 1 1 2 32 Әзербайжан 0 1 0 1 32 Дания 0 1 0 1 32 Малайзия 0 1 0 1 32 Моңғолия 0 1 0 1 32 Филиппин 0 1 0 1 32 Словакия 0 1 0 1 32 Түркия 0 1 0 1 39 Өзбекстан 0 0 2 2 40 Испания 0 0 1 1 40 Грузия 0 0 1 1 40 Израиль 0 0 1 1 40 Қырғызстан 0 0 1 1 40 Польша 0 0 1 1 40 Португалия 0 0 1 1 40 Швейцария 0 0 1 1 40 Біріккен Араб Әмірліктері 0 0 1 1 Әлімханұлы мен Левит – Головкинге үлгі Американың Associated Press агенттігінің тілшісі Грег Бичем қазақстандық боксшылар Жәнібек Әлімханұлы мен Василий Левиттің Рио рингіндегі бұрнағы күнгі шайқастарын талдап берді. «Мен бұл туралы ұрыс кезінде де жазғанмын: орта салмақтағы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының соққылары сұмдық күшті. Ол өзінің британиялық қарсыласы Энтони Фоулерді талқандап тастады. Тағы ауыр салмақты Василий Левит те бар. Мен Геннадий Головкиннің осы жігіттердің Олимпиялық ойындардағы ұрыстарын арнайы қарап шыққаны дұрыс болар еді деп ойлаймын», – деп жазды Бичем өзінің твиттерінде. Айтылып отырған жекпе-жектерде 75 кг салмақтағы Жәнібек Әлімханұлы ағылшын Энтони Фоулерді екіншіраундтың басында нокдаунға жіберген еді. Ал Василий Левит (91 кг) қытайлық Фенгкай Юмен ұрысын үшінші раунд басталмай жатып аяқтады. Екі раундтан кейін оның қарсыласы айқасты жалғастырудан бас тартты. Майкл Фелпс – Ойындардың 21 дүркін чемпионы Америкалық Майкл Фелпс Рио-де-Жанейрода 200 метрге еркін жүзу эстафетасында өзінің 21-ші алтын медалін алып, осында өзі жаңартқан рекордқа тағы да өзгеріс енгізді. Ол мұның алдында екі рет өзінің 2012 жылы Лондонда жасаған рекордынан асып түскен еді. Алдымен жарыстың бірінші күні 4х100 эстафетасына крол әдісімен қатысып, командаластарымен бірге чемпион атанған. Содан кейін 8 тамызда 200 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде алдына жан салмады. Осы қашықтықты Фелпс 1 минут 53,36 секундта бағындырды. Күміс медальды жапон Масато Сакаи алды. Қола медальдың иегері атағы венгр Тамаш Кендерашиге бұйырды. Лондон Олимпиадасы чемпионы допингпен ұсталды Бұдан 4 жыл бұрын Лондон Олимпиадасында чемпион атанған поляк ауыр атлеті Адриан Зелиньски Риода допинг пайдаланғаны үшін қолға түсіп қалды. Тексеріс оның ағзасында нандролон бар екенін анықтады. «Не болғанын өзім де түсінбей тұрмын, – деді атлеттің өзі. – Құдды түс көрген сияқтымын. Басқа айтар сөзім жоқ. Мен 10 жыл өз елім үшін жаттықтым, 20 жылды жаттығумен өткіздім, бірақ ешқашан допинг пайдаланған жоқ едім. Міне, күтпеген жерден мынадай дақпырт шығып жатыр». Спортшы Риоға келер алдында үш рет тексерілгенін, бәрінде қорытынды дұрыс болып келіп, Олимпиада кезінде ғана оның оң нәтиже көрсеткенін атап өтті. Зелиньски Лондон Олимпиадасынан кейін 2014 жылы Еуропаның да үздігі атанған болатын. Мысырлық қыздар волейболды хиджабпен ойнады Олимпиялық ойындарда Мысырдың жағажай волейболы құрамасының қыздары неміс құрбыларынан 0:2 есебімен ұтылып қалды. Бірақ басты мәселе мұнда емес. Ол Мысыр бойжеткендерінің алаңға хиджаб секілді киім киіп шыққандарында болып отыр. Құраманың Доа әл-Гобаши және Нада Мивад деп аталатын екі қызы кезекті матчқа ислам әйелдерінің жағажайда тынығулары үшін арнайы тігілген киім – буркини киіп келді. Бәлкім, олардың Германия қыздарынан жеңіліп қалуларына тар шалбармен, ұзын жеңді жейдемен ойнаудың қолайсыздығы да әсер еткен шығар. Олар осындай киіммен Олимпиялық ойындар сайыстарына қатысқан мысырлық алғашқы қыздар болды. Журналистер мінген автобусқа оқ атылды Рио-де-Жанейрода салонында журналистер отырған автобусқа әлдекімдер шабуыл жасаған. Көргендердің айтуларынша, олимпиялық нысандарды аралап келе жатқан көлікке қарай екі рет оқ атылған. Сол кезде бұқаралық автобус баскетбол залынан енді шығып келе жатқан. Нәтижесінде сынған терезе әйнектерінің сынықтары тиген екі адам жарақат алған. «Бізге қарай оқ атылды. Біз тапаншадан атылған оқтың даусын естідік», деді бұрын әскери-теңіз күштері армиясында капитан болған америкалық журналист Ли Микаэльсон. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ Кітапханашылар үн қосты Ақтөбе облыстық Н.Байғанин атындағы балалар кітапханасының кітапханашылары «Рио-2016» Олимпиадасына қатысушыларға өз тілектерін білдірді. Қашанда ел мақтаныштарын өзгелерге насихаттауда үлкен шаруа атқарып жүретін кітапханашылар бұл жолы да қарап қалған жоқ. Мектеп оқушылары жазғы демалыста болғандықтан, балаларды жинап, іс-шара өткізу оңай емес. Соған қарамастан, облыстық балалар кітапханасының кітапханашылары журнал-кроссинг ұйымдастырып, саябақта кешкілік демалып отырған қала тұрғындары мен қонақтарға спортшыларымыз туралы мәліметтер мен олар туралы жазылған басылымдар таратты. Көзі нашар көретін қарттарға Олимпиадаға қатысушы жастар туралы жазылған мәліметтер мен ақпараттарды оқып берді. Олар, сондай-ақ, «Рио-2016» Олимпиадасына қатысушыларға жалынды сәлем жолдады. «Рио-2016 Олимпиадасына қатысушыларға сәлем!» деп жазылған плакатты алып, саябақтар мен қала тұрғындары жиі жүретін көшелерді аралады. – Бүгінде аналарымыз тақымын қысып, әкелеріміз намысын қайрап отырған шығар. Ұлт абыройын қорғайтын әрбір қазақ спортшысы үшін бәріміз де жауапты екенімізді сезінуіміз керек. Сол себепті біздің ұжым кітапханаға келген әрбір оқырманға, көшедегі қарапайым халыққа спортшыларымыз үшін жанкүйер болудың маңызы туралы үнемі айтып отырады, – дейді кітапхана директоры Гүлжайнар Қалдина. Жаз мезгілін кітапханашылар толық қазақ спортына арнап отыр. Олар Олимпиада басталғанша лагерьлер мен балабақшаларда, спорт мектептері мен үйірмелерде балалар арасында спорттық жарыстар өткізіп келді. Жеңімпаз болған балалардың кеудесіне медаль тағып, болашақта мықты спортшы болуға үндеді. Айнұр НЕРМИЕВА АҚТӨБЕ