• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
16 Ақпан, 2011

Мәскеудегі тұрар тұғыры

444 рет
көрсетілді

Жақында Алматы қала­сының тұрғыны Молдияр Серікбаев аға­мызға хат келді. Хат келгенде ан­нан-мұнан емес, кешегі Кеңес Ода­ғының астанасы, бас қаласы болған Мәскеуден. Хатты Мәскеу қаласының мә­де­ниет департаменті жолдап­ты. Онда қазағы­мыздың мерейін өсіретін, жаны­на жағымды жаңалық сүйін­шілеген ақжол­тай хабар бар. Сөйтсек, бұрын геолог болған, кейін мәдениет­тану­шы­лықпен бел шеше айналысып жүрген, «Егеменнің» Ал­маты бөлімшесіне әркез еркіндеп кіретін ардагер ақса­қа­лымыз Мәскеудің билік орындарына халқымыздың біртуар ұлы, Шерхан Мұртазаша айт­сақ, қызыл жебесі Тұрар Рыс­құлов­тың есімін есте қалдыру туралы бірнеше мәрте мәселе көтеріп, хат жазған екен. «Тамшы тас жара­ды» демекші, осы мәселе бойынша отандық тарих пен мәде­ниет­тің аса көрнекті оқиға­лары мен қайраткерлерін есте қалдыру жөніндегі комиссия өт­кен жылдың 2 жел­тоқ­­са­нында оң шешім қабылдапты. Атап айт­қан­да, Ресей Федерациясындағы Қ­азақстан елшілігінің өтінішіне орай Покров бульвары, 14-үй мекен-жайы бойынша өзі Мәс­кеуде тұрған үйде мемлекет қай­рат­кері Тұрар Рысқұловқа арнал­ған ескерткіш тақта орнатылатын болды. Қорғанбек АМАНЖОЛ.