• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
18 Тамыз, 2016

Өзара әріптестік өрісі

345 рет
көрсетілді

16-17 тамыз күндері Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы ішкі істер министрліктерінің екінші бірлескен алқа отырысы өтті. Оның жұмысына екі мемлекеттің ішкі істер министрлері Қалмұханбет Қасымов пен Владимир Колокольцев, олардың орынбасарлары, қызметтер мен шекаралас ішкі істер органдарының басшылары, сонымен бірге, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің өкілдері қатысты. Делегация басшылары екі­жақты ведомствоаралық қаты­настардың даму барысына жо­ғары баға беріп, алғашқы бір­лескен алқа мәжілісінің ше­шімдерін (Астрахань қ., 2015 жыл) іске асырудағы қа­дам­дар, әсіресе, шекаралас аймақтарда қылмысты алдын ала тергеуді жүзеге асырудағы ын­­ты­мақ­тас­тық жанданғанын айтты. Ал Қ.Қасымов қылмысқа қар­сы күрес мәселесіндегі министр­ліктердің өзара іс-әрекеті жаңа сапалы деңгейге көтерілгенін атап көрсетті. Отырыс барысында екі мемле­кеттің экстремизмге қарсы кү­ресте бірлесе әрекет ету мә­селелері талқыланды. Тер­ро­ристік және экстремистік қылмыс­қа қатысы бар іздеуде жүрген адамдар, террористік және экс­тре­мистік ұйымдар туралы ақпа­рат алмасуды жандан­дыру жолдары қарастырыл­ды. Сондай-ақ, кездесуде жол қоз­ғалысын қамтамасыз ету сала­сындағы ішкі істер органдарының екіжақты ынтымақтастығының жай-күйі мен болашағы сөз болып, оны жетілдіру шаралары пысықталды. Бұдан бөлек, тараптар автокөлік құралдарын тіркеу және есептен шығару, тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру, сонымен қатар, көлік құралдары мен оны ұрлауға қатысы бар адамдарды табу үшін жедел іздестіру шараларын жүргізу жөнінде өзара іс-қимыл жасау туралы жедел мәлімет алмасуды жандандырудың жолдары хақында пікір алмасты. Отырыс қорытындысы бойынша делегация басшылары экстремизммен күрес және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықты өрістетуге бағытталған шешімге қол қойып, бірлескен алқа оты­ры­сының алдағы жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті. «Егемен-ақпарат»