Кеше «Ақорда» резиденциясында Президенттің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Нұрлан Ермекбаев АҚШ Мемлекеттік хатшысының азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқы мәселелері жөніндегі орынбасары Сара Сьюэллмен кездесу өткізді.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың мәселелерін, сондай-ақ, өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы халықаралық саясаттың көкейкесті тақырыптарын талқылады.
Терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл танытудың көпқырлы тетіктерін жетілдіру мәселелері бойынша пікір алмасылды, соның ішінде Қазақстан Президенті Н.Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясында ілгерілеткен халықаралық терроризммен күрес жөніндегі жаһандық антитеррористік желі (коалиция) құру, террористік ұйымдардың біртұтас тізімін жасау бастамалары талқыланды.
«Егемен-ақпарат»