• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
18 Тамыз, 2016

Шыққан жан қайта оралса...

288 рет
көрсетілді

Саунтгемптон университетінің ғалымдары ұзақ жылдар бойы жүргізілген зерттеу нәтижесінде адамның тәні өлгенмен, жаны өмір сүре беретінін анықтады. Бұған дейін медицинада адамның жүрегі тоқтағаннан кейін 30 секундтан соң миы да өледі деп саналатын. Осы қағиданы теріске шығару үшін ғалымдар клиникалық өлімді бастарынан өткерген 2 мың адамға тәжірибе жасап көріпті. Нәтижесінде адамның миы жүрегі тоқтап қалғаннан кейін 30 секунд емес, 3 минуттан астам уақыт жұмыс істейтіндігіне көз жеткізген. Тәжірибеге қатысқан еріктілер клиникалық өлім кезінде маңайын­да не болып жатқаны естерінде анық сақталғанын айтыпты. Олар дәрігерлер өзінің жүрегін соқтыру үшін жанталасып жатқанын, жанында болған басқа адамдардың қайғырғанын, қысқасы, маңайында не болғанын айтып берген. Осылайша, ғалымдар жүрек­тің тоқтауымен адамның өмірі аяқталмайды, рухы басқа әлемде өмір сүруін жалғастырады деген қорытындыға келіп отыр. Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»