• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
18 Тамыз, 2016

Алтынмен апталған iPhone 7

275 рет
көрсетілді

Түрлі бренд өнімдердің люкс нұсқасын жасаумен айналысатын «Brikk» компаниясы жақында дүние жүзіндегі ең қымбат смартфондарды  сатылымға шығармақ. iPhone 7 смартфонын түрлі асыл тастармен безендіретін компания оның бағасын алдын ала 1,3 миллион долларға бағалап отыр. Смартфон қымбат металдармен қапталып, гауһар тастармен әрленеді. Зергерлер оған 24 карат сары алтын, 1 карат қызғылт алтын, 950 сынама­лы платина, сондай-ақ ірілі-ұсақты 60 караттық гауһар тастарды пайдаланбақ. – Бағасы бұдан әлдеқайда арзандау түрін де сатып алуға болады. Ондай смартфондарды қызғылт және сары алтынмен, гауһар тастармен безендіреміз. Әрине, алдыңғысына жетпейді, есесіне қарапайым смартфондардан көптеген артықшылықтары бар. Бағасы да аса қымбат емес – 5 мың доллар шамасында, – дейді компания өкілі. «Brikk» компаниясы бұған дейін алтынмен фотоаппарат, қолсағат, белбеу сынды бренд өнімдердің люкс нұсқасын шығарған болатын. «Apple» компаниясының бұрынғы өнімдерін де әрлеген. Алайда, смартфондардың арасындағы ең бағалысы iPhone 7 болғалы тұр. Қымбат құрылғының фотосы компанияның ресми сайтында көрсетілген. Қазірдің өзінде оны сатып алуға тапсырыс беріп жатқандар көп. Нұрхан АСҚАР