• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
18 Тамыз, 2016

Рио-2016: Алтын медаль алу кезегі Әділбекке келді

279 рет
көрсетілді

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиялық ойындардың боксшылар бәсекесінде бүгін түнде қазақстандық Әділбек Ниязымбетов кубалық Хулио Сезарь Ла Крузбен финалдық жекпе-жекке шығып, алтын медаль үшін күреседі. Бұған дейін бұл екі қарсылас екі рет осындай ірі жарыста кездескен. Олардың біріншісі 2011 жылы Бакуде, 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионаттарының финалында орын алды. Олардың екеуінде де жеңіс ұпай санымен Бостандық аралының спортшысына беріліп кетті. «Ер кезегі үшке дейін» деген. Осы жолы сәттілік Әділбекті айналып өтпесін деген тілектеміз. 18 тамыз. Күндізгі сессия Әйелдер. 51 кг. 1/2 финал. 23:00. Никола Адамс (Ұлыбритания) – Канкан Рен (Қытай); 23:16. Ингрит Лорена Валенсия Виктория (Колумбия) – Сара Оурахмон (Франция). Ерлер. 56 кг. 1/2 финал. 23:30. Владимир Никитин (Ресей) – Шакур Стивенсон (АҚШ); 23:45. Робейси Рамирес (Куба) – Муроджон Ахмадалиев (Өзбекстан). 19 тамыз. Кешкі сессия 75 кг. 1/2 финал. 00:00. Арлен Лопес (Куба) - Кямран Шахсуварлы (Әзербайжан); 00:15. Узиел Мисаэл Родригес (Мексика) - Бектемир Меликузиев (Өзбекстан). Ерлер. 81 кг. Финал. 00:30. Хулио Сезар Ла Круз (Куба) – Әділбек Ниязымбетов (Қазақстан). Дамир ҚОЖАМҚҰЛ