• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
18 Тамыз, 2016

Танымал ақындар Данияр Елеусіновке өлең арнады

585 рет
көрсетілді

Рио-2016 Олимпиадасында бокстан алтын медаль алған жерлесіміз Данияр Елеусіновтің құрметіне танымал ақындар өлең арнап жатыр. Боксшы алтын тұғырға көтерілген сәттен кейін көп ұзамай ақындардың әлеуметтік парақшасында жарияланған, шынайы шабыт пен толқыныстан туған өлеңдердің кейбірін оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік. Бірнеше жыр кітаптарының авторы, «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар вфестивалінің лауреаты Мирас Асан «Көкжал қазақ Данияр» атты өлеңінде былай дейді: — Сақ бабаңның алтын бопты киімі, Ғұн бабаңның алтын бопты бұйымы. Алтын бізге таңсық емес, мәселе - Сенің шыққан тұғырынның, биігі! Болат білек Данияр! Алтынға құл болған емен салтымда, Артымда ұл қалса алтын, өр тұлға! Бұл жерде де алтында емес мәселе, Елұранын Алашымның ал, тында! Өр, нар ғажап Данияр! Бүктеп соққан оғландарды талай тік, Халқыңды алтын қойдың тіпті зорайтып! Қойынына алтын тыққан әлем тұр, Мойыныңа алтын таққан сені айтып! Көкжал қазақ Данияр! Белгілі ақын, Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің 1-дәрежелі лауреаты, «Шалқар»  радиосының бас редакторы Серік Сейітман да жеңімпазды жырға қосты: АЛТЫН ҰЛҒА Жаса, батыр! Жасындайын жарқылда! Жас та болсаң, сенсің нағыз нар тұлға. Отаныңның алтын тақтың мойнына, Опасыздар Отан сатса алтынға. Майда-шүйде мақсатынан ми жауыр Маған жұрттың майдалығы тиді ауыр. Сен қазақша ән шырқаттың әлемге, Қазақ тілін менсінбесе кей бауыр. Ел еркесі, топ серкесі тек Сіздер, Еркелесең қоймаймыз да шек біздер. Сен Еліңді ерлігіңмен жылаттың, Есіргеннен Ел жылатса ессіздер. Ел сүйсініп ерлігіңе елтумен, Көз-жанардан көл төгілді толқумен. Көк байрақты Олимп-шыңға көтердің, Көп қандасың күл тасыса сол Тумен. Ғасырмен тең бұл Құдайдың бал күні, Жасынмен тең жанарыңның жарқылы. Жаса! Жаса! Жаса мәңгі! Жасай бер, Отанымның тат баспайтын АЛТЫНЫ! Әзірлеген Нұртөре САМАРХАН