• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
18 Тамыз, 2016

Рио-2016: Қазақстандық Мәнүрова алтын медаль үшін күреседі

228 рет
көрсетілді

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиялық ойындардың әйелдер күресінде 75 килоға дейінгі салмақта күш сынасушы қазақстандық 38 жастағы балуан Гүзел Мәнүрова финалға шығып, алтын медаль үшін күресетін болды. Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері жартылай финалда 29 жастағы ресейлік Екатерина Букинаны белдесудің бірінші кезеңінде 8:1 етіп ұтты. Ал екінші үш минуттықта оның қарсыласы 5:0 етіп жеңді. Сонымен, қорытынды есеп 8:6 болып тұрғанда Гүзел қарсыласының жауырынын жерге тигізіп, таза ұтып кетті. Өзінің бірінші белдесуінде Мәнүрова венгер Жанетт Неметті 12:2 етіп тізе бүктірді. Содан кейін 1/4 финалда Камеруннің 31 жастағы өкілі Аннабель Алиді 8:6 етіп жеңді. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ