• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
19 Тамыз, 2016

Рио-2016: Ларионова қола медальге жақындай түсті

224 рет
көрсетілді

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиялық ойындардың әйелдер күресінде 63 килоға дейінгі салмақтағы қазақстандық балуан Екатерина Ларионова жұбаныш турниріндегі бірінші белдесуінде швед Хенна Йохансонды таза жеңіп, қола медальді сарапқа салатын жалғыз шайқасқа жолдама алды. Екатерина бұл белдесуде 0:1 есебімен ұтылып жатты. Сосын 4 ұпай алып, алға шықты. Бірақ мұнымен шектелмелді, қарсыласының жауырынын жерге тигізіп аяқтады. Ларионова бұған өзін 1/8 финалда ұтып кеткен белорус Мария Мамашук финалға шыққаннан кейін қол жеткізген еді. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ