• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Тамыз, 2016

Комитет төрағасының кездесулері

326 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Ақан Бижанов Алматы қаласындағы бірқатар еңбек ұжымдарымен кездесті, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. Сенатор қаладағы сала бойынша көшбасшы болып табылатын «АлЭС», «БанкЦентрКредит» акционерлік қоғамдарында, «Қаз­легпром-Алматы», «Global Buіldіng Contract», «Атрикс-Строй», «ALACARDPetroltech», «Ерке-Нұр» меке­мелерінде болды. Сенат комитетінің төрағасы кездесулерде бес институттық реформаны жүзеге асырудағы «100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарын орындау аясында Парламенттің заңнамалық қызметі жөнінде айтып берді. Ұжымдардағы кездесулерде республиканың және Алматы қаласының даму жағдайы, оның ішінде білім-ғылым, денсаулық сақтау салалары мен агроөндіріс секторын өркендету мәселелері сөз болды. Сенатор депутаттар корпусы­ның заң шығару қызметі, алдағы жос­парлар, сондай-ақ, Алматы қала­сының ерекше мәртебесі жөнін­дегі заңнаманы жаңарту тура­лы әңгімеледі. Кездесуге қаты­сушылар тұрғындарды жұмыс­пен қамту, балалар құқын қорғау, ғылым мен ғылыми-тех­никалық қызметтер нәтижелерін ком­мерциялау туралы және Пар­ламентте қабылданған басқа да заңдарға назар аударып, сауал­дар қойды. Алматы барлық жағы­нан Қазақстанның экономи­ка­лық, ғылыми және мәдени орта­лығы болып саналады. Бұған қала­ның қаржы, өндірістік, интеллек­туалдық және инфра­құ­рылымдық әлеуеті жеткілікті. Кездесулер соңында А.Бижанов еліміз өз Тәуелсіздігінің 25 жыл­дығы қарсаңында, әлемдегі дағда­рыстарға қарамастан, алға қой­ған мақсаттарға нақты қадам­дар жаса­ғанын, тұрақтылық пен ке­лісімді қамтамасыз етуге, әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына енуге ұмтылып отырғанын атап көрсетті. «Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев­­тың стратегиялық бағдарының негізі – халықтың әл-ауқатын жақ­сарту, бүгінгі және келешектегі бей­біт өмірді қамтамасыз ету. Қазақ­стан халқының бірлігі мен әлеу­мет­тік ахуалдың жоғары деңгейі – қоғам­дық тұрақтылықтың кепілі, – деді А.Бижанов. Сенатор кездесулерде алма­тылық­тардың көптеген сұрақ­тарына жауап беріп, пікір алмасты.