• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
16 Ақпан, 2011

Құнды құжат

595 рет
көрсетілді

Елбасының ағымдағы жылғы 28 қаңтар күнгі Қазақстан хал­қы­на арнаған Жолдауымен мұқият танысып шықтым. Қарт көңілім Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің дәстүрлі Жолдауында мемлекет болашағы мен ұлт болып ұйы­су­­дың жаңа жолдарын ай­қын­дап отыр. Осындай қам­қор­лық­ты қуа­­нышпен қабыл­дадым, ертеңге деген ел сенімі одан әрі орнықты деп ой­лаймын. Оның да себебі бар. Халқымыздан «Ертеңін ой­ла­ған ел – бақытты» деген дана сөз қалған. Міне, ел ертеңін ой­лап, ұлт қамын жеген, бүгінде тү­бі бір түркі әлемінің асатаяғын қолына алған Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өз Жол­дауында «Ырыс – ынтымақ­қа жолығады, дәулет – бірлікпен толығады» деген ойға қонымды аталы сөзі жарқын болашаққа бастап отыр. Бұл – ақ сақалды қартын қадірлеп, ақ жаулықты анасын ардақтаған, жастарын білімге тартып, ұлтының ден­сау­лығын ойлап, замана көшін бастаған, елінің сеніміне берік ие болған Елбасының ерен ісі. Биылғы жылдың басты саяси құжаты мемлекетіміздің ең басты рухани құндылығы мен тірегіне айналып отырған мемлекеттік тіл мәселесіне үлкен назар ауда­рыл­ғанына қуандым. Өйткені, ға­сыр­лар бойы ұлты­мен жасап келе жатқан қазақ тілі – халықтың жаны, ұлттың болашағы, ата-баба рухының жал­ғасы деп білемін. Соңғы жыл­дары мемлекеттік тілді дамытуға көп көңіл бө­лі­нуде. Сондай-ақ, елімізді мекендейтін түрлі этнос өкілдері­нің де тілдеріне қамқорлық жасалуда, жас­тарымыздың халықара­лық қа­ты­нас тіліне айналған ағыл­шын және орыс тілін жетік меңгеруі туралы талап та орын­ды. Ал, қазақ тілін меңгеруге ұм­тылған өзге ұлт өкілдерінің ын­та-ықыластарының артқанын кө­ріп отырмыз. Қазақ елін Ота­ным деп, болашағын біздің мемлекетімізбен байланыстыруға ұм­тыл­­ған ата-аналардың балала­рын қазақ мектептері мен бала­бақ­ша­ларына беріп жүргендерін көзі­міз көруде. Дегенмен, ойланар тұстар да жоқ емес. Сондықтан, Елбасының Қа­зақ­стан халқына арнаған би­ылғы Жолдауы талаптарын бас­шылық­қа алған ел азаматтары алдағы он жылдықта мектеп бітірушілердің барлығы мемлекеттік тілді толық меңгеуге қол жеткізсе, осы жыл­да­ры мемлекеттік тілдің қол­даныс аясы кеңейіп, қазақ тілі арқылы татулық пен бірлікке тіреу боларлық қажеттіліктің арта түсетініне үлкен сеніммен қараймын. Тілеуқабыл ТӨРЕБЕКОВ, Жамбыл облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы, Жамбыл облысының  құрметті азаматы,  соғыс және еңбек ардагері. Тараз.