• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
19 Тамыз, 2016

Әріптестік кеңейіп келеді

354 рет
көрсетілді

Астанада Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Сара Сьюэллмен кездесті. Құрама Штаттар өкілі Қазақстанға жұмыс сапарымен келген болатын. Әңгіме барысында тараптар Қазақстан-Америка әріптестігін терроризммен күрес, оның ішінде экстремизмді насихаттауға қар­сы іс-әрекет саласында да терең­дету керек деген пікір білдір­ді. Е.Ыдырысов, бұл арада, Қазақ­с­тан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев­тың 2015 жылдың қыр­күйегінде  Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ас­сам­б­леясының 70-ші сессиясы аясында жарияланған бастамаларын жүзеге асыру аса маңызды рөл ат­қара алаты­нын атап көрсетті. Қазақ­стан басшысы АҚШ астана­сын­да сөйле­ген сөзінде БҰҰ туы ас­тында терроризммен күрес жөнін­дегі халықаралық коалиция құру, әлемдегі әрбір мемлекет өзі­нің әске­ри бюджетінің 1 пайызын Орнықты даму мақсаттарына бө­лу, БҰҰ-ның Жаһандық кон­тр­тер­рористік стратегиясын орын­дауды заң тұр­ғысынан мін­дет­­теу бойынша бас­тама көтер­­ге­нін еске сала кетейік. Сұхбаттастар «С5+1» (Орталық Азия елдері мен АҚШ) үнқаты­су алаңына қатысушы елдер Сыртқы істер министрлері екінші мәжілісінің қорытындысына риза­шылық білдірді. Бұл басқосу үстіміздегі жылдың 3 тамызын­да Вашингтонда өтіп, оның қоры­тындысы бойынша Орталық Азия өңірін дамытуға бағытталған бір­қатар жоба мақұлданған еді. Кездесу соңында Е.Ыдырысов пен С.Сьюэлл үстіміздегі жылы 25 жылдығы атап өтілетін Қазақ­стан мен АҚШ арасындағы стра­тегиялық әріптестікті белсенді жал­ғастыруға уағдаласты. «Егемен-ақпарат»