• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
19 Тамыз, 2016

Шексіз шаттық сыйлаған жеңіс

305 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Рио-де-Жанейродағы Олимпия ойындарындағы жеңісіне байланыс­ты Данияр Елеусіновке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. ­Нұрсұлтан Назарбаев Д.Елеу­сіновті  бокстан жеңіп алған алтын медалімен құттықтады. «Жылдар бойы тынымсыз төгіл­ген тер мен зор қажыр-қайраттың және үлкен шеберліктің нәти­жесінде дүниежүзілік спорт додасында қол жеткізілген бұл жеңіс барша қазақстандықтарға шексіз шаттық сыйлады. Бұл жеңіс осы бәсекені тамашалаған мыңдаған жасөспірімнің спортпен айналыса бастауына, олардың шыныққан шымыр болып өсуіне және мақсатты өмір сүруіне жаңа серпін беретіні сөзсіз», – делінген жеделхатта. Мемлекет басшысы спортшыға зор денсаулық пен бақыт, жаңа жеңістер мен жетістіктер тіледі.