• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
19 Тамыз, 2016

Тұңғиық гүлінің тылсымы

1618 рет
көрсетілді

Шығыс өңірінің мақта­ныштарының бірі – облыстық сәулеттік-этнографиялық жә­не табиғи-ландшафт музей-қорығы. Осы нысанның «Сол жағалау кешені» аталып жүрген саябағында түрлі өсімдіктерді тамашалауға болады. Мәселен, ғылым тілінде «нимфея» аталатын тұңғиық гүлі – әдетте тазалық пен мейірімнің нышанына баланатын әдемі су өсімдіктерінің бірі. Әсіресе, оның «аттракцион» аталатын қызғылтым реңкке ие түрі өте сирек кездеседі. Сол жағалау кешенінің ботаникалық бағында тұңғиық гүлінің осы түрі алғаш рет қауыз жарды. Бұл өсімдік бақ аумағына биыл көктемде отырғызылған екен. Шамасы, «жаңа қонысын» жерсінсе керек, жайнап тұр. – Бақта осы гүлдерге арналған су тоғандары мен топырақ қос­пасы әзірленген болатын. Оны қарашірік пен құм, саз­балшықтан дайындадық, – дейді қорық-музейдің ботаникалық бақ және дендросаябақ бөлімінің меңгерушісі Александр Бочагов. Жалпы, тұңғиық гүлі түрлі халықтың аңыз-әңгімелеріне арқау болған танымал өсімдік. Мәселен, орыс халқында жұм­­­­бақ, тылсым гүл ретінде си­патта­лады. Яғни, сабағын қи­са, қан төгіледі, күлтелері қоруылдауға қызмет етеді делі­неді. Су бетіндегі өсімдіктің қазақ тілінде «тұңғиық» аталуы да тегін емес. Әрине, бақ аумағында тұң­ғиық­тан басқа да көптеген эк­зотикалық, сирек кездесетін өсімдіктерге қолайлы жағдай жасалған. Алды гүл жарып, хош иісті жұпар шашып тұр. Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан» ӨСКЕМЕН