• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
19 Тамыз, 2016

«Еріктілер мектебі» жұмыс істейді

476 рет
көрсетілді

Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне өңірден 220 еріктінің қатысатыны белгілі болды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің жергілікті филиалында өткен брифингте «Жас Отан» жастар қанаты облыстық құрылымының жетекшісі Мұса Танақұлов мәлім етті. Оның айтуынша, жаңадан құрылған «Еріктілер мектебі» қанатқақты жобасы аясында атқарылатын жұмыстар қыруар. Бүгінгі күні еріктілер үш кезеңнен тұратын модульдік оқу жүйесіне тартылып, 120 жас алғашқы іріктеуден сүрінбей өткен. Тегін тренингтерде үміткерлер ағылшын тілін үйреніп, Қазақстан тарихынан, ұлттық-мәдени құндылықтар жайлы кең мағлұматтар алады. Сонымен қатар, психологиялық әзірліктерге де басымдық беріледі. Дәрістер оқуға тәжірибелі мамандар таңдап алынған. Іріктеу шараларына кез келген солтүстікқазақстандық қатыса алады. Оларға тіл білімін анықтайтын сұхбаттасу, күйзеліске төзімділік секілді жоғары біліктілік талаптары қойылады. Сыннан сүрінбей өткендер қатарын 18 және 60 жас  аралығындағы азаматтар құрайды. Олардың арасында жастарға мол мүмкіндік беріліп отыр, дейді ЭКСПО-2017 еріктілерінің үйлестірушісі Дарина Бәшенова. Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан» Солтүстік Қазақстан облысы