• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
19 Тамыз, 2016

Жерорта теңізінен 250 мигрант құтқарылды

333 рет
көрсетілді

Жерорта теңізінде 250 мигрант мінген ескі қайық жағаға жеткізілді. Олар теңізде адасып кеткен. Италияның жағалау қызметінің хабарлауынша, құтқарылған босқындар Араб елдерінің бірінен шығып, су көлігімен Еуропаға жетпек болған. Қазір полицейлер мигранттардың нақты деректерін анықтауда. Айта кетейік, жыл басынан бері теңіз жолы арқылы Еуропаға 270 мыңға жуық босқын келген. Олардың үштен бірі Италия еліне тұрақтаған. Сонымен қатар, теңіз бетінде қаза тапқандар мен жоғалып кеткендер саны 3100 адамға жетіп отыр. Талғат РАЙЫМБЕК