• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
19 Тамыз, 2016

Сын сағаты жақындап келеді

350 рет
көрсетілді

Бүгін Олимпиялық ойындарда кешкі сағат 19.15-те еркін күрес балуандары 74 кило салмақтағы Ғалымжан Өсербаев пен 57 килодағы Нұрислам Санаев кілемге шығады. Ғалымжан 1/16 финалдан, Нұрислам 1/8 финалдан бастап белдеседі. Көркем гимнастикада сағат 23.45-те Сабина Әшірбекова өнер көрсетеді. Бұл сындарды KazSport арнасы көрсетеді. 18 тамыздан 19 тамызға қараған түні сағат 00.15-те боксшы Иван Дычко жартылай финалда жұдырықтасады. Одан кейін сағат 00.30-да Дариға Шәкімова ½ финалда күш сынасады. Боксшылардың жекпе-жектерін «Хабар» арнасынан тамашалай аласыздар. Дастан КЕНЖАЛИН Фото: olimpic.kz
Соңғы жаңалықтар