Туристік компаниялар дүние жүзіндегі дінді берік ұстанатын елдердің тізімін жариялады. Ел азаматтарының діндарлығы жағынан бірінші орынды Шри-Ланка алыпты.
Шри-Ланка халқының басым көпшілігі буддистер. Сондай-ақ, индуизм, христиан, ислам діндері де біршама кең таралған екен. Түрлі діни ұстанымдағы адамдар аралас өмір сүрсе де, әрбір азамат өз дінінің қағидаларын бұзбауға ерекше мән береді.
Екінші орында – Африка құрлығындағы Малави елі. Халқының басым бөлігі тақыр кедей елде адамдардың діннен басқа сүйенері де, сыйынары да жоқ. Малавилік христиандар әлемдегі ең діншіл христиандар деуге болады.
Діншіл елдердің тізіміндегі үшінші орын Индонезияға тиесілі. Индонезияда халық көп, кең таралған дін де көп.
– Ел үкіметі ислам, инду- изм, протестантизм, католицизм және буддизмді алты ресми дін ретінде қарастырады. Елдің әрбір азаматы осы алты діннің бірін ұстанады. Индонезияда атеистер жоққа тән, өз басым дінге сенбеймін деген адамды кездестірмедім, – дейді туристік компания өкілдері.
Халқы дінді берік ұстанатын елдердің алғашқы ондығына Нигер, Иемен, Тайланд, Армения, Бангладеш, Грузия, Марокко мемлекеттері енді.
Нұрхан АСҚАР