• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
20 Тамыз, 2016

Көрікті жерлерді көрсетті

451 рет
көрсетілді

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ және Ақмола облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Бурабайда Астана, Алматы қалалары мен Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстары туристік опе­раторларының роуд-шоуы өткізілді. Маңызды шара Щучье-Бурабай курортты аймағындағы үздік туристік қызмет нысан­дарындағы ақпараттық-жар­намалық турмен, кең ауқым­дағы таныстырылымдармен басталды. Роуд-шоу өңірдің қайталанбас туристік әлеуетін көрсетуге, ішкі туризмді дамы­туға, халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі қарса­ңындағы Қазақстанның турис­тік компанияларының іскерлік байланыстарын жан­дандыруға бағытталған. Қонақтар ақпараттық тур ая­сында заманалық «Kon­forHotelBurabay», «Alma-ata», «TerrassaPark», «Park­HouseKokshetau», «Айнакөл», «Әлем+» отель­дері сияқты 10 нысанда болды. Олар «Бурабай – Қазақстанның жауһары» тақырыбындағы танымдық саяхаттық бағдарламаға ай­рықша қызығушылық біл­дірді. Сондай-ақ, Абылай хан алаңындағы мәдени-сәу­лет кешенінің, Бурабай Мемлекеттік ұлттық та­би­ғат паркінің, «Визит-ор­та­лығының», «Бурабай-Даму» ЖШС табиғат музейінің ғажайыптары роуд-шоуға қатысушыларды ұмытылмас әсерге бөледі. «Әлем» отелінде қазақ­стандық туристік операторлар мен өңірлік туризм бизнесі өкілдерінің пленарлық мәжілісі болды. Онда Ақмола облыстық туризм басқармасының басшысы Шынарбек Батырханов ЭКСПО-2017 көрмесіне арнайы дайындалған шаралар туралы тарата әңгімеледі. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ менеджері Даниел Сер­жанұлы халықаралық көрме қызметі жайында таныстырылымдық хабарлама жасады. Онда негізгі нысандар сәулеті кеңінен көрсетіліп, ЭКСПО-2017 қонақтары мен қатысушыларына қызмет жасаудағы туристік бизнес­ке жүктелетін міндеттер мен талаптар атап өтілді. Бұған қоса, Д.Сержанұлы көрменің билеттік бағдарламасына қатысты мәселелерге, оны жеңілдікпен алу тәртібіне арнайы тоқталды. Шара барысында «Бура­бай-Даму» ЖШС маркетинг және туризм бөлімінің жетекшісі Әсел Жағыпарова «Қайталанбас сұлулық өлкесі», «Ақмолатурист» АҚ бас директорының орынбасары Бауыржан Орынбаев «Астана – үшінші мыңжылдықтың қаласы» тақырыбында шолу таныстырылымын ұсынды. «Арман тур» аймақаралық туристік операторының басшысы Салтанат Әбжанованың ЭКСПО-2017-дегі экспозиция­сы мол музейдің, сан алуан көрмелердің жұмысымен өз бетімен танысуға мүмкіндік беретін RG сериясындағы радиогид радиобайланыс жаб­дығын, аудиогид фонограмасын таныстырып, іске қосуы жұртшылықтың қызы­ғушылығын тудырды. Кездесу соңында роуд-шоуға қатысушылар b2b форматында екіжақты кездесулер өткізіп, өзара ынтымақтастық жөніндегі келісімшарттарға қол қойды. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан» Ақмола облысы