• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
20 Тамыз, 2016

Пәтерлер пайдалануға беріледі

458 рет
көрсетілді

Биыл Ақтөбе қаласында «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша 600-ден аса пәтер пайдалануға беріледі. Осыған байланысты жақында «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ қалада салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысымен таныстыру мақсатында    пресс-тур өткізді. Бұл «Бәйтерек» ұлттық  хол­дин­гінің еншілес ұйымы. Ол «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасын іске асыратын операторлардың бірі. Қазіргі кезде компания  халық арасында аталған бағдарламаның маңыздылығын түсіндіру жұ­мыстарымен айналысып жатыр. «Қазақстан Ипотекалық Ком­паниясы» ИҰ» АҚ Бас­қарма төрағасының орынбасары Айсұлтан Акчуриннің ай­туын­ша, Ақтөбе қаласының тұрғындарына жалпы ауданы 20,5 мың шаршы метр 318 пәтер таныстырылды. – Қазіргі уақытта «Батыс-2» ықшам ауданында тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда. Бұл үйді «Соллерс» ЖШС салып жатыр.  Пәтерлерді осы жылдың қараша айында пайдалануға беру жос­парланып отыр.  Жалға алудың 1 шаршы метрінің бағасы 950 теңгеден аспайды, – дейді ол. Сонымен бірге, оның айтуынша, «Батыс-2» шағын ауданында тағы бір тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Оның жалпы ауданы 6,8 мың шаршы метр. Онда 118 пәтер бар.  Бұл үйді «VIP Настил» ЖШС құрылыс компаниясы салды.  Пәтерлер таза әрленген күйінде ұсынылады. Осы жылдың соңына дейін Ақтөбе қаласында 249 пәтер салынады. Бұдан басқа, Ақтөбеде  44,3 мың шаршы метр 675 пәтерді пайдалануға беру жоспар­ланып отыр.  Ал келесі жылдың соңына дейін қаланың «Нұр-Ақтөбе» ықшам ауданында екі үй бой кө­тереді. Онда  566 пәтер болады. Жалпы алғанда, биылғы жыл­дың соңына дейін «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен еліміз бойынша бірнеше үй салуды жоспарлап отыр. Былтыр компания Ақтөбеде  478 пәтерлі үйді пайдалануға бер­ді. Ал еліміздің басқа қала­ларында 7234 пәтердің кілті тапсырылды.  Тұрғын үйлер Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Семей, Талдықорған, Тараз қалалары мен Алматы, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыс­тарында салынды. Бұл үйлер бірінші кезекте көп балалы, мү­гедек балалары бар немесе соларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен оралмандарға беріледі. Сонымен бірге, үйлер мем­лекеттік және әскери қыз­меткерлерге, арнайы мемлекеттік органдар мен бюджеттік саланың қызметкерлеріне қарастырылған. Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан»