Әйгілі боксшы Мұхаммед Әлидің 100-ге жуық жеке заттары сатуға шығарылмақшы. Шараны ұйымдастырушы АҚШ-тың Heritage Auctions компаниясы. Ал аукцион осы жылдың 10 қыркүйегінде өтеді.
Аталған компания өкілдерінің айтуынша, сатылымға шығарылатын заттардың ішінде ең бағалысы оның 1974 жылы американдық Джордж Форманды жеңіп, WBC тұжырымы бойынша абсолютті чемпион атағы үшін алған белдігі болып отыр. Сонымен қатар, бәссаудаға даңқты боксшының шаршы алаңға киіп шыққан киімдері, тұтынған бұйымдары және ислам дінін қабылдауына не түрткі болғанын түсіндірген хаты да шығарылады.
Талғат РАЙЫМБЕК