• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
25 Тамыз, 2016

Баланы қуанту – бақыт

997 рет
көрсетілді

«...Баладан қайыр болмаса, Ба­ланы неге сұрайды», деп Ыбырай Алтынсарин атамыз айтқандай, әр адамның бақытты бастауы әр баланың бақытты бола­шағында ғой. Әр отбасының да, елдің де болашағы – бала. Ал баланың жастайынан жақсы тәрбие алып, жан-жақты білім жиып, озық өнегелі болғанын қай ата-ана қаламайды дейсіз. Жақ­сылық жасау – жанға нұр құяды дейді. Рас сөз, жақсылыққа жаны құмар жандардың бәрі осы айтылғандардан сырт қалмағандар. Сондықтан ата-анаға, еліне, Ота­нына қайыры болатындай баланы о баста жан-жақты тәрбиелеп, көмек көрсету отбасының ғана жеке міндеті болмаса керек. Бұл арада қоғамның, мектептің алар орны бөлек. Міне, мұны жақсы түсіне білген адамдар ғана балаларға әрдайым көмек қолын созуда аянып қалмайды. Солардың қатарына еліміздің полиция қызметкерлерін қосуға әбден лайық. Өйткені, олардың сөзі мен ісі де үйлесім тауып, ізгілікті істерге бара алатын­дығын тек үлкендер ғана емес, балалар да жете сезініп отыр десек артық айтқандық болмас. Осыған дәлел, елордалық полиция қызметкерлері Білім күні қарсаңында «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Олар жаңа оқу жылында балаларға көмек көрсету мақсатында әлеу­меттік жағынан аз қамтылған және көп балалы отбасыларға атбасын тіреді. Өйткені, жоғарыда айтқанымыздай, бұл акцияны ұйымдастырудағы басты мақсат – балалардың бақытты болашағын ойлау. Ол үшін бірде-бір бала білім алудан кенде қалмауға тиіс деп шешті полицейлер. Мәселен, Пригородный ауылында тұратын бір отбасында 8 бала бар екен. Соның 7-уі кәмелеттік жасқа толмағандар. Ал, расы керек, бұл отбасындағы ата-ананың балаларды өздігінен мектепке дайындауға мүмкіндіктері жоқ. Себебі, олардың ата-аналары мүмкіндігі шектеулі жандар. Көздері жәудіреген балалардың кішілері 3 және 5 жаста болса, қалған 5-уі мектеп жасындағылар. Акция барысында балаларға сөмкелер, мектепке қажетті барлық оқу құралдары: пенал, дәптер, қалам, қарындаш, акварельді бояу­лар, ермексаздар және киім-кешектер мен тәттілер т.б. молынан берілді. Бүлдіршіндер қуа­нышында шек болмады. Баланы қуанта білудің өзі бақыт емес пе. Соған сай балалардың анасы Жеңісгүл елордалық полицейлерге жүрекжарды алғысын білдірді. Тәртіп сақшыларының бұл орасан көмегі балаларды мектепте оқытуға айтарлықтай үлес қосқанын атап өтті. Ақиқатында көмекке зәру ба­лаларға көмек қолын созудың тиім­ділігі мен қайырымдылығының орасандығында талас жоқ. Сон­дық­­тан полицейлер бұл акция­ны «Ба­қытты балалық мекені» деген ұран­мен ел Тәуелсіздігінің 25 жыл­­­дығына арнап отыр. Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»