• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
18 Ақпан, 2011

Азиада үшін алғыс

372 рет
көрсетілді

Қазақ елінде Қысқы Азиаданың зор табыс­пен өткендігі бұл күндері бүкіл әлем­ге мағлұм болды. Жақында Азия олимпиялық кеңесінің президенті Шейх Ахмад әл-Фахад әл-Сабах Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовке алғыс хатын жолдап, Азиаданың табыс­ты ұйымдастырылып өткізілуімен құттықтады. Бұл хатта Қазақстанның спорттық құрамасы үшін тарихи табыс әкелген Алматыдағы жа­рыс­тарды ұйымдастыруда қолдау көрсетіп, ынтымақтастық жасағаны үшін қала әкімінің жеке өзіне де разылық сезімі білдірілді. Сондай-ақ, Қазақстандағы «Азиада-2011» Азия ойындарының барлық басқа ұйымдас­тыру­шы­лары үшін бой түзейтін үлгі бола­тындығы атап көрсетілді. Алматыда аталмыш Ойындар үшін жа­сақталған спорттық нысандар мен инфра­құрылым жоғары халықаралық стандарттарға сай болып шықты. Мұның өзі жарыстардың ойдағыдай өтуіне игі ықпал жасады. Шейх әл-Сабах осынау ғажайып құрылыс-ғимарат­тардың бәрі таяу болашақта көптеген халық­аралық аламан додалар мен жарыстардың куәсі болатынына сенімді екендігін атап айтты. Қорғанбек АМАНЖОЛ.