• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
25 Тамыз, 2016

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің бұйрығы  №129

349 рет
көрсетілді

2015 жылғы 25 тамыз, Астана қаласы «Қызмет көрсету статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Төрағасының 2014 жылғы 27 қазандағы № 24 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 3) және 8) тармақшаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 3 қазанда №9779 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ереженің 13-тармағы 9) тармақшасына сәйкес, бұйырамын: 1. «Қызмет көрсету статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Төрағасының 2014 жылғы 27 қазандағы №24 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №9911 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1, 2-қосымшалар осы бұйрықтың 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықты мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он күнтiзбелiк күн iшiнде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Интернет-ресурсында міндетті түрде жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу үшін жеткізсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 5. Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Төраға Ә.СМАЙЫЛОВ Мемлекеттік статистика органдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика құпиялылығына кепілдік береді министрлігінің Статистика комитеті төрағасының Конфиденциальность гарантируется 2015 жылғы 25 тамыздағы №129 бұйрығына 1-қосымша органами государственной статистики Приложение 1 к приказу Председателя Комитета Жалпымемлекеттік статистикалық по статистике Министерства Национальной экономики байқаудың статистикалық нысаны Республики Казахстан от 27 октября 2014 года №24 Статистическая форма общегосудар- ственного статистического наблюдения Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 27 қазандағы №24 бұйрығына 1-қосымша Аумақтық статистика органына тапсырылады Представляется территориальному органу статистики Статистикалық нысанды www.stat.gov.kz сайтынан алуға болады Статистическую форму можно получить на сайте www.stat.gov.kz Есептілікті толтыруға жұмсалған уақыт, сағатпен (қажеттісін қоршаңыз) Время, затраченное на заполнение отчета, в часах (нужное обвести) 1 сағатқа дейін до 1 часа 1-2 2-4 4-8 8-40 40 сағаттан артық более 40 часов Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына дәйексіз деректерді ұсыну және алғашқы статистикалық деректерді тапсырмау «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 497-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар болып табылады. Представление недостоверных и непредставление первичных статистических данных в соответствующие органы государственной статистики являются административными правонарушениями, предусмотренными статьей 497 Кодекса Республики Казахстан «Об административных правонарушениях». Статистикалық нысан коды 0621102 Көрсетілген қызметтер көлемі Код статистической формы 0621102 туралы есеп 2 – қызмет көрсету 2 – услуги Отчет об объеме оказанных услуг Тоқсандық Есепті кезең тоқсан жыл Квартальная Отчетный период квартал год Негізгі қызмет түрі Экономикалық қызмет түрлері номенклатурасының 58-60, 62, 63, 64.20.0, 68-75, 77, 78, 80-82, 90-93, 95, 96 кодтарына сәйкес, қызметкерлерінің санына қарамастан заңды тұлғалар және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелері тапсырады. Представляют юридические лица и (или) их структурные и обособленные подразделения, независимо от численности работников, с основным видом деятельности согласно коду Номенклатуры видов экономической деятельности: 58-60, 62, 63, 64.20.0, 68-75, 77, 78, 80-82, 90-93, 95, 96. Тапсыру мерзімі – есепті кезеңнен кейін 25 күні. Срок представления – 25 числа после отчетного периода. БСН коды код БИН 1. Қызмет көрсетілген өңірді көрсетіңіз облыс, қала, аудан. Укажите регион оказания услуг область, город, район. Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне сәйкес аумақ коды (статистика органының қызметкерімен толтырылады) Код территории согласно Классификатору административно-территориальных объектов (заполняется работником органа статистики) 2. Негізгі түрі бойынша көрсетілген қызмет көлемін көрсетіңіз, мың теңге Укажите объем оказанных услуг по основному виду деятельности, тыс. тенге Жол коды Код строки Наименование показателя Наименование показателя Барлығы Всего А Б 1 1 Көрсетілген қызметтер көлемі Объем оказанных услуг 1.1 одан - халыққа көрсетілген қызметтер из них - услуги оказанные населению Атауы_____________________________ Мекенжайы__________________________ Наименование ______________________ Адрес _______________________________ Телефон ___________________________ Телефоны Электрондық почта мекенжайы Адрес электронной почты _________________________________________ Орындаушы Исполнитель ____________________________________ ____________________ тегі, аты және әкесінің аты телефон фамилия, имя и отчество телефоны Басшы Руководитель ____________________________________ ________________ тегі, аты және әкесінің аты қолы фамилия, имя и отчество подпись Бас бухгалтер Главный бухгалтер ______________________________ ______________________________ тегі, аты және әкесінің аты қолы фамилия, имя и отчество подпись Мөрдің орны (бар болған жағдайда) Место для печати (при наличии) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 25 тамыздағы №129 бұйрығына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 27 қазандағы № 24 бұйрығына 2-қосымша «Көрсетілген қызметтер көлемі туралы есеп» (коды 0621102, индексі 2-қызмет көрсету, кезеңділігі тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық 1. Осы «Көрсетілген қызметтер көлемі туралы есеп» (коды 0621102, индексі 2-қызмет көрсету, кезеңділігі тоқсандық), жалпымемлекеттік статистикалық байқау бойынша статистикалық нысанды толтыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Көрсетілген қызметтер көлемі туралы есеп» (коды 0621102, индексі 2-қызмет көрсету, кезеңділігі тоқсандық), жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыруды нақтылайды. 2. Осы статистикалық нысанды Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің төменде келтірілген кодтарына сәйкес негізгі қызмет түрі қызмет көрсету саласы болып табылатын респонденттер тапсырады: 1) 58 - баспа қызметі; 2) 59 - кино-, бейнефильмдер және телевизиялық бағдарламалар, фонограмма мен музыкалық жазбалар өндіру; 3) 60 - бағдарлама және теле-радио хабарлама жасау бойынша қызмет; 4) 62 - компьютерлік бағдарламалау, кеңестер беру және басқа ілеспе қызметтер; 5) 63 - ақпараттық қызметтердің жұмысы; 6) 64.20.0 – холдингтік компаниялар қызметі; 7) 68 - жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар; 8) 69 - құқық және бухгалтерлік есеп саласындағы қызмет; 9) 70 - бас компаниялар қызметі; басқару мәселелері бойынша кеңестер беру; 10) 71 - сәулет, инженерлік ізденістер, техникалық сынақтар мен талдау саласындағы қызмет; 11) 72 - ғылыми зерттеулер және әзірлемелер; 12) 73 - жарнама қызметі және нарық конъюнктурасын зерттеу; 13) 74 - өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет; 14) 75 - ветеринарлық қызмет; 15) 77 - жалдау, жалға беру, лизинг; 16) 78 - жұмысқа орналастыру; 17) 80 - қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тергеу жүргізу бойынша қызмет; 18) 81 - ғимараттарға және аумақтарға қызмет көрсету саласындағы қызмет; 19) 82 - әкімшілік-басқару, шаруашылық және өзге де қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет; 20) 90 - шығармашылық, өнер және ойын-сауық саласындағы қызмет; 21) 91 - кітапханалардың, мұрағаттардың, мұражайлардың және мәдени қызмет көрсететін басқа мекемелердің қызметі; 22) 92 - құмар ойындар және бәс тігуді ұйымдастыру қызметі; 23) 93 - спорт, демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы қызмет; 24) 95 - компьютерлерді, тұрмыстық бұйымдар мен жеке тұтынатын заттарды жөндеу; 24) 96 - өзге де дербес қызметтер көрсету. 3. Егер құрылымдық бөлімшеге заңды тұлға статистикалық нысанды тапсыру бойынша өкілеттік берсе, онда ол өзі орналасқан жердегі статистика органдарына осы статистикалық нысанды ұсынады. Егер құрылымдық бөлімшеде статистикалық нысанды тапсыру бойынша өкілеттіктері болмаса, онда заңды тұлға өзі орналасқан жердегі статистика органдарына олардың аумақтарын көрсете отырып құрылымдық бөлімшелер бөлінісінде статистикалық нысанды ұсынады. 4. 1-жолда қызметтің негізгі түрі бойынша көрсетілген қызметтер көлемі бүтін санда көрсетіледі, «Қызметтің негізгі түрлері бойынша көрсетілген қызметтер көлемі» көрсеткіші олардың төлемінің уақытына тәуелсіз (яғни орындалған қызмет көрсетулердің көлемін есептеу аудару әдісі бойынша жүргізіледі) орындау сәтіндегі көрсетілген қызметтер құнын білдіреді. Статистикалық байқауға жататын қызметтің негізгі түрі бойынша қызмет көрсетулердің тізбесі Қызмет көрсетудің статистикалық жіктеуішіне (бұдан әрі - КҚСЖ) сәйкес көрсетіледі, Қазақстан Республикасы Статистика Агенттіктің интернет-ресурсында www.stat.gov.kz «Жіктеуіштер» бөлімінде орналасқан. 5. Көрсетілген қызметтер көлеміне халық қаражаты және қызмет тұтынушылардың басқа санаттарының қаражаты есебінен (кәсіпорындардың меншік қаражаты және қызмет көрсетулерді төлеуге мемлекеттік бюджеттен төленген алынғандары қосылады) төленген қызмет көрсетулер қосылады. Көрсетілген қызметтер көлеміне, оларға төлем уақыты бойынша емес, өндіріс процесіне шығу сәтіндегі қызметтерді ұсынумен байланысты барлық шығындар қосылады: 1) көліктік-дайындау шығыстарын есептегенде негізгі материалдардың, шикізаттың құны; 2) өндірістік және басқа да қажеттіліктерге (сынақ өткізу, тәжірибе, бақылау және тағы басқалар) пайдаланылатын материалдардың және жартылай фабрикаттардың сатып алу құны; 3) қызмет көрсету өндірісі үшін пайдаланылатын отынды сату шығындары, сондай-ақ сатып алынатын энергияның барлық түрлерінің құны (электрлік, отындық, сығылған ауа және басқа); 4) табиғи шикізатты пайдаланумен байланысты шығындар (су шаруашылығы жүйесінен алынған суға төлем, түбіріне жіберілген ағашқа төлемінің бір бөлігі); 5) бөгде субьектілермен орындалған өндірістік сипаттағы жұмыстар мен қызмет көрсетулер құны; 6) өзге де материалдық шығындар; 7) субъектіге меншік, жедел басқару құқығында тиесілі барлық негізгі құралдардың түрлері, сондай-ақ ұзақ мерзімді жалға алынатын негізгі құралдар бойынша амортизациялық аударымдардың есепті кезең ішінде есептілік соммасы; 8) жалақы төлеміне шығыстар; 9) өзге де шығыстар: салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, іс-сапарлық, өкілдік шығыстар, қайырымдылық көмек және т. б.; 10) кеңестік, тергеу жүргізу бойынша және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жарнама, банк қызметтері және т.б. сияқты бөгде ұйымдармен көрсетілген қызметтер құны; 11) ағымдағы жөндеу, коммуналдық қызметтер және тағы басқалар. Көрсетілген қызметтер көлеміне мерзімін ұзарту, оның шығарылуы мен өнімділігін арттыру мақсатында құрылысқа немесе ғимараттарға күрделі жөндеу және құрылғыларды жаңарту және машиналар мен жабдықтар жөндеу шығыстары қосылмайды (мұндай шығындар негізгі капиталға жалпы жинақтау ретінде түсіндіріледі). 6. 1.1 жолда көрсетілген халықтың жеке меншік қаражаты, көрсетілген қызметі көрсетіледі. 7. Осы статистикалық нысанды тапсыру қағаз тасығышта немесе электронды форматта жүзеге асырылады. Статистикалық нысанды электронды форматта толтыру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында (www.stat.gov.kz) орналастырылған «Деректерді он-лайн режимде жинау» ақпараттық жүйесін қолдану арқылы жүзеге асырылады. 7. Арифметикалық - логикалық бақылау 1) 1-бөлім «Қызметтің негізгі түрі бойынша көрсетілген қызмет көлемі туралы ақпарат»: 1-баған ≥ әр жол бойынша 2-баған. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 23 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12095 болып енгізілді.