Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Сенат Төрағасы Президентті Сенаттың заң шығармашылық қызметінің ағымдағы және перспективалық бағыттарынан Венада өтетін ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының қысқы сессиясының отырысына дайындық барысынан хабардар етті.