• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
26 Тамыз, 2016

Түркияда тағы жарылыс болды

295 рет
көрсетілді

Түркияның Ширнак провинциясына қарасты Жизра қаласында болған жойқын жарылыстан 9 адам қаза тауып, 64 тұрғын түрлі дене жарақатын алды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, жарылыс полицияның бақылау-өткізу бекетінде болған. Куәгерлер бақылау-өткізу бекетіне мина қойылған автокөліктің баса-көктеп кіргенін мәлімдеді. Айта кетейік, аталған қала Сирия мен Ирак мемлекеттеріне шекаралас орналасқан. Ондағы халықтың басым бөлігі – күрдтер. Жергілікті билік жарылысты қандай лаңкестік топ ұйымдастырғанын анықтаумен айналысып жатыр. Талғат РАЙЫМБЕК