• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
26 Тамыз, 2016

Премьер-Министр «Астана» футбол клубын жеңісімен құттықтады

230 рет
көрсетілді

Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Қазақстан футболшылары мен жанкүйерлерін «Астана» командасының Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шығуымен құттықтады. «Астана» футбол клубының жеңісі туралы Үкімет басшысы өзінің Twitter-аккаунтында жазды, деп хабарлайды pm.kz Еске сала кетейік, екі матчтан тұратын сайыстың қорытындысы бойынша Беларусьтің БАТЭ командасынан 4:2 есебімен басым түскен «Астана» Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шықты. Бірінші сайыста елордалық команда қарсыластарын 2:0 есебімен жеңіп, қарымта матчта 2:2 есебімен тең ойнады. Айдар ӨРІСБАЕВ