• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
26 Тамыз, 2016

Президенттік резервті оқыту курстары аяқталды (фото)

432 рет
көрсетілді

Бүгін Бас прокуратурада Құқық қорғау органдары академиясындағы құқық қорғау органдары басшылығының Президенттік резервінде тұрған қызметкерлер үшін екінші оқыту курстарының аяқталуына арналған салтанаты іс-шара өтті, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі. Іс-шараны ашқан Бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель резервтегілерді болашақ жауапты басшылық қызметке даярлауда оқу курстарының маңызды екенін атап өтіп, қатысушыларды оның сәтті аяқталуымен құттықтады. Академия ректоры Ұлан Байжанов өз сөзінде оқу процесінің ерекшеліктері мен қорытындыларына тоқталып өтті. Резервтегілердің мәртебесі мен деңгейін ескеріп, білім беру үрдісінің басым бөлігі ұжымды қалыпты және сындарлы жағдайда тиімді басқару, стратегиялық жоспарлау, көшбасшылық пен басшының жеке тиімділігі мәселелеріне арналды. Террористік акциялар мен жаппай наразылық кезінде келіссөздер жүргізу тактикасына айрықша көңіл бөлінді. Екінші оқу курстарының бір ерекшелігі – әр резервисті жекелей оқытуға баса назар аударылуында, бұл аса тәжірибелі сарапшылардың қатысуымен кәсіби дағдыларды дамыту жөніндегі кеңестер әзірлеуге мүмкіндік берді. Курстарды жоғарғы деңгейде әрі сапалы ұйымдастыру үшін сабақтарды тренинг түрінде 19 беделді ғалым және практик маман, соның ішінде мемлекеттік органдардың басшылық құрамының 5 өкілі өткізді. Шараның соңында резервтегілерге сертификаттар мен төс белгілер беріліп, ең үздік деп танылған сарапшылар мен тыңдаушылар марапатталды. Айдар ӨРІСБАЕВ